Жуырда “Нұр Отан” ХДП облыстық филиалының мәжіліс залында облыс бойынша экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаменті (қаржы полициясы), “Нұр Отан” ХДП СҚОФ, “СҚО Азаматтар альянсы”, республикалық және өңірлік БАҚ өкілдерінің қатысуымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру мәселелері бойынша брифинг өткізілді.
Брифингте қаржы полициясы департаментінің сыбайлас жемқорлық жөніндегі істерді ашу және оның алдын алу басқармасы бастығының орынбасары Расул Мұстафин сөз сөйлеп, журналистерге 2012 жылдың 9 айында атқарған жұмыстың негізгі нәтижелері туралы баяндап берді. Сыбайлас жемқорлық қылмыстарын жасап, сотталған тұлғалар бойынша мысалдар келтірді.
Брифингте “Нұр Отан” ХДП СҚОФ жанындағы сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі қоғамдық кеңестің төрағасы Марат Омаров, “СҚО Азаматтар альянсы” төрағасы Сергей Худяков сөз сөйлеп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру тақырыбын талқылаудың өзектілігін, мұндай кездесулердің маңыздылығын атап өтті.
Сөз сөйлеушілерге журналистер сұрақтар қойып, толық жауап алды.
Брифингтен кейін сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес тақырыбындағы жарияланымдардың сапасын арттыру мақсатында журналистер үшін “Сыбайлас жемқорлыққа қарсы иммунитетті қалыптастыру. БАҚ рөлі” тақырыбында семинар-тренинг ұйымдастырылды.
Семинарда сыбайлас жемқорлық жөніндегі істерді ашу және оның алдын алу басқармасының аса маңызды істер жөніндегі аға инспекторы Анар Жарова және баспасөз хатшысы Нұрлан Жахин “Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының түрлері”, “Сыбайлас жемқорлықтың таралу аумағы”, “Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру шаралары” тақырыптарында сөз сөйледі. Қаржы полициясы қызметкерлері халықтың сыбайлас жемқорлыққа қарсы иммунитетін қалыптастыруға үлесін қосып жатқан БАҚ өкілдеріне алғыс білдірді.
Семинар-тренингте қатысушы-лармен сындарлы сұхбат жүргізіліп, журналистер жұмыс тәжірибелерімен бөлісті. Шара соңында барлық қатысушыларға сертификаттар табыс етілді.
Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің (қаржы полициясының) баспасөз қызме