«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

МҮГЕДЕКТІГІНЕ ҚАРАМАСТАН, спортта белсенділік танытқандар құрметке бөленді

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Самат САПАРАЛЫ,
журналист.

Қарттар мен мүгедектерді қолдау айлығы шеңберінде аудан әкімі Қанат Қалиев мүмкіндігі шектеулі жандармен кездесті. Кездесуге келгендер өздерінің денсаулығының жоқтығына қарамастан, “Надежда” құрамасының сапында облыстық спорт додаларында белсенділік танытып, үш жыл қатарынан бас жүлде алып келеді.
Аудан әкімі үкілеген үмітімізді ақтап отырған спортшыларды құттықтап, әлеуметтік көмекке мұқтаж және мүмкіндігі шектеулі жандарға қолдау көрсету жалғасатынын айтты. “Біздің ауданда тағдыр тауқыметін көрген жандарға қол ұшын беру игі дәстүрге айналған. Көмек қолын созғандар қатарында түрлі ұйымдар мен кәсіпкерлер бар. Сіздерге ұзақ өмір, зор денсаулық, қажымас қайрат тілеймін. Әрқашан да өмірге деген сенімдеріңіз жоғалмасын”, – деді аудан басшысы.
Одан соң саламатты өмір салтын ұстанған спортшыларды Алғыс хаттармен марапаттап, ақшалай сый-ақылар берді. Ал “Надежда” құрама командасының капитаны Хамза Омаров аудан басшысына алғысын айтып, әлі де талай белестерді бағындыратынына сөз берді.
Мамлют ауданы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp