«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ОҚУШЫЛАРДЫ ОЙЛАНДЫРАТЫН САБАҚТАР

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Антон КОПТЯЕВ,
суда құтқару қызметі бастығының м. а.

Облыстық ТЖД қызметкерлері облыс орталығындағы оқу орындарының асыға күтетін қонақтарына айналғанына 4 жылдай болды. Және облыстағы көптеген мектептерде – виртуалды түрде. Департамент басқармалары мен бөлімдері, өрт сөндіру және суда құтқару қызметкерлері жоғары және орта буын оқушыларына өз жұмыстары, ерліктері жайлы әңгімелейді, туындайтын ТЖ жайлы ескертеді, балаларды төтенше жағдайлар кезіндегі іс-қимылдарға үйретеді. Жеткіншектер “Жедел көмек министрлігі” өкілдерін қызығушылықпен тыңдайды, ҚР ТЖМ қызметкерлерін қай жерде даярлайтыны туралы, құтқарушы, өртсөндіруші болу үшін не істеу керек екендігі жайлы сұрақтар қояды.
Оқу жылының басынан 3 сабақ өткізіліп, жазғы демалысқа дейін тағы 13 интерактивті сабақ өткізу жоспарланған.
Жуырда баспасөз қызметінің бас маманы Евгений Журавлев №1 орта мектептің 9-сынып оқушыларымен сабақ өткізді. Департамент өкілі балаларға қызметтің бағыты туралы, өңірлік БАҚ және облыс тұрғындары арасында жүргізілген үгіт-насихат жұмыстары жайлы әңгімеледі. Облыс аумағында орын алған ТЖ жайлы мәліметтер оқушыларға қатты әсер етті. Евгений Николаевич сабақта келесі цифрларды келтірді: жыл басынан бері 37 адам өрт құрбаны болса, оның екеуі – бала, судағы ТЖ құрбаны – 37 адам…
Сабақта ТЖ мен басқа да оқиғалардың алдын алу жөнінде ақыл-кеңестер беріліп, “101” және “102” телефон нөмірлері, суда құтқару қызметінің кезекші телефон нөмірі келтірілді, оның үстіне балалар ТЖ мен теракт қаупі туралы жалған қоңырау шалу үшін жауапкершілік дәрежесімен таныстырылды. Ұсынылған материалдар слайдтармен, суреттермен қоса берілді, өрт қаупі туралы ескертпе сипатындағы 2 бейнеролик көрсетілді.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp