Солтүстікқазақстандық тәртіп сақшылары республика аумағында өткізіліп жатқан “Участок” жедел-алдын алу шарасы аясында 160 мыңнан астам үйді аралап шықты. Қылмыстың және құқық бұзушылықтың алдын алуға бағытталған бұл шара оң нәтижесін беріп отыр. “Участок” шарасы барысында тіркелмеген 36 қару тәркіленді.
Бұл шараға 1000-нан астам полиция қызметкері жұмылдырылды. Операция барысында 8 мың адам тексерілді, солардың 2000-ға жуығы – кәмелеттік жасқа толмағандар. Көші-қон заңнамасын бұзған 748 шетелдік анықталды, солардың 20-сы сот шешімдерімен мемлекет аумағынан шығарылды. Он бір мыңнан астам қару иелері тексеріліп, қаруды сақтау және тасымалдау ережесін бұзғаны үшін 111 мылтық тәркіленді. 465 адам ішкі істер органдарына қосымша тіркеуге алынды, солардың 169-ы – жасөспірімдер. “Участок” жедел-алдын алу шарасы қарашаның 1-іне дейін жалғасады.
СҚО ІІД-нің баспасөз қызметі.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp