«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 19.10.2012

ҚЫЛМЫС ТУРАЛЫ МӘЛІМЕТТЕРДІҢ ШЫНАЙЫЛЫҒЫ қамтамасыз етіле бастады

Жанар ІЛИЯС,ҚР БП ҚСжАЕК Солтүстік Қазақстан облысы бойынша құқықтық статистика және арнайы есеп жөніндегі басқармасының бастығы. Құқықтық статистика және арнайы есеп органдарының негізгі міндеттері – адам мен азаматтың, заңды тұлғалардың және мем-лекеттің құқықтарын, заңды мүдделерін бұлжытпай сақтау, бірыңғай статистикалық қағидаттар мен стандарттардың негізінде еліміздегі заңдылық пен құқықтық тәртіптің жай-күйі туралы мемлекеттік органдар мен жеке және …

ҚЫЛМЫС ТУРАЛЫ МӘЛІМЕТТЕРДІҢ ШЫНАЙЫЛЫҒЫ қамтамасыз етіле бастады Read More »

ЮЛИЯ ИВАНОВА – ҮЗДІК СУДЬЯ

Солтүстік Қазақстан облыстық сотының судьясы Юлия Иванова – нағыз үздік. Ол жуырда 50 жасқа толған торқалы мерейтойын атап өтті. Юлия Павловна өзінің көпжылдық судьялық жұмыс тәжірибесінде сот төрелігін іске асырудың мінсіз сапасын көрсетіп, кәсіби табыстарға жетті. Сол арқылы жалпы еліміздегі сот жүйесінің қалыптасуына және дамуына салмақты үлес қосты. Облыстық сот төрағасы Нұрғазы Әбдіқановтың жуырда ғана …

ЮЛИЯ ИВАНОВА – ҮЗДІК СУДЬЯ Read More »

ДУСЯ ӘЖЕЙДІҢ АЙЛАСЫ

Шал ақын ауданының бұрын ұрлық жасағаны үшін сотты болған 27 жасар тұрғыны кездейсоқ жалақымен күн көріп, сол тапқан нәпақасына спирттік ішімдік сатып алып ішетін. Міне, бұл жолғы “көңіл көтеруінің” салдары оны тағы да сотталушылардың орындығына отырғызды. Сот отырысында әкесі мен әжесі немерелерін “мінезі сабырлы, ашық” деп жағымды жағынан сипаттады, алайда бұл сөздеріне “сау болғанда” дегенді …

ДУСЯ ӘЖЕЙДІҢ АЙЛАСЫ Read More »

ТАЛАПКЕР ДЕ, ЖАУАПКЕР ДЕ жолда жүру ережесін бұзған

Тайынша қаласының сотына Д. деген мектеп мұғалімі 1 000 000 теңге мөлшерінде моральдық зиянды, 27 712 теңге мөлшерінде материалдық төлемдерді өтеу, зая кеткен еңбекақысын, 100 000 теңге мөлшерінде өкілдік шығынның орнын толтыру, мемлекеттік бажды қайтару туралы талаппен шағымданды. Өткен жылдың жазында жауапкер мас күйінде өз көлігімен келе жатып бағдаршамның рұқсат етілген түсіне, жан-жағына қарамастан белгіленбеген …

ТАЛАПКЕР ДЕ, ЖАУАПКЕР ДЕ жолда жүру ережесін бұзған Read More »

ҚАЗАҚША КВН-ДЫ ҚОЛДАҒАН КОЛЛЕДЖ

Фархат ТАСТАМБЕКОВ,“Солтүстік Қазақстан”. “Мағжан жастары” командасының белді ойыншысы Мұханбетәлі Сапаров бастаған бір топ жастар қазақша КВН-ді ашық чемпионат өткізу арқылы одан әрі дамытпақшы. Бұл игі іске колледж басшылығы қолдау білдіріп отыр. Жартылай финалға гуманитарлық колледжден төрт команда – “Таза қазақтар”, “Мағжан қыздары”, “Мағжан жастары” және “Теріскей тарландары”, қалалық классикалық гимназиядан “Джентельмендер”, гуманитарлық-техникалық колледжден “Жұдырық” және …

ҚАЗАҚША КВН-ДЫ ҚОЛДАҒАН КОЛЛЕДЖ Read More »

БЕЙБІТ ДІНДІ БЕЙНЕЛЕДІ БАЛАЛАР

Балалар мен жасөспірімдер арасындағы сурет байқауының қорытындысы бойынша бейнелеу өнер мұражайында ұйымдастырылған көрме дін тақырыбына арналды.  Бақытжан ЖОЛДАСҚЫЗЫ, “Солтүстік Қазақстан”. Байқаудың ұйымдастырушысы – “Прозрение – Көз жету” қоғамдық бірлестігі. “Конфессияаралық келісімнің қазақстандық үлгісін насихаттау” жобасын іске асыру шеңберінде облыстық ішкі саясат басқармасының тапсырмасы бойынша өткізілген көрмеде өңіріміздің дін қызметкерлері мен қылқалам иелері болды. Дінаралық татулықты …

БЕЙБІТ ДІНДІ БЕЙНЕЛЕДІ БАЛАЛАР Read More »

ЖАҢА МАУСЫМНАН КҮТЕРІМІЗ МОЛ

Қазақ өнерінің қара шаңырағы – С.Мұқанов атындағы облыстық қазақ сазды-драма театрының XIV театр маусымы сәрсенбінің сәтінде ашылды.  Бақытжан ЖОЛДАСҚЫЗЫ, “Солтүстік Қазақстан”. Ғабит Мүсіреповтің 110 жылдық мерейтойына арнап сахналаған “Қыз Жібек” қойылымымен маусым шымылдығын ашқан мұқановтықтар театр маусымы басталмай жатып, түрлі фестивальдарға қатысып бақтарын сынап көрді. Дәл осы қойылыммен жуырда Қостанай облысында өткен республикалық театрлар фестиваліне …

ЖАҢА МАУСЫМНАН КҮТЕРІМІЗ МОЛ Read More »

БОЗБАЛАЛАР БОРЫШТАРЫН ӨТЕУГЕ АТТАНДЫ

Қанат АТАМАНОВ,“Солтүстік Қазақстан”. Қазанның 17-сі күні “Әскерге аттанушылар күні” акциясымен айшықталып, Ішкі әскер Әскери институтының базасында Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері қатарында шұғыл қызметін өтейтін 100 әскерге шақырылушыны салтанатты шығарып салу рәсімі болып өтті. Оларды туған-туыстары, облыстық қорғаныс істері жөніндегі департаменттің қызметкерлері және Ұлы Отан соғысы мен Қарулы Күштер ардагерлері салтанатты түрде шығарып салды.Болашақ сарбаздарды салтанатты …

БОЗБАЛАЛАР БОРЫШТАРЫН ӨТЕУГЕ АТТАНДЫ Read More »

КӨПШІЛІКТІ ТОЛҒАНДЫРАТЫН КӨКЕЙКЕСТІ МӘСЕЛЕЛЕР ТУРАЛЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АҚПАРАТТЫҚ-НАСИХАТ ТОБЫНЫҢ МҮШЕЛЕРІ ӘҢГІМЕЛЕДІ

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған биылғы Жолдауының негізгі қағидаларын түсіндіру мақсатында облысымызға республикалық ақпараттық-насихат тобы келіп кетті. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Әбденов бастаған топ облыс активімен кездесіп, бірқатар салалар бойынша Жолдауда көрсетілген міндеттерді талқылады. Жиынды облыс әкімінің орынбасары Александр Чжен жүргізді.  Гүлбике ТӨЛЕБАЕВА,Ләйла ЖАНЫСОВА,Тоқтар ЗІКІРИН,Болат ҚОЖАХМЕТОВ,“Солтүстік Қазақстан”. ҚР Еңбек және …

КӨПШІЛІКТІ ТОЛҒАНДЫРАТЫН КӨКЕЙКЕСТІ МӘСЕЛЕЛЕР ТУРАЛЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АҚПАРАТТЫҚ-НАСИХАТ ТОБЫНЫҢ МҮШЕЛЕРІ ӘҢГІМЕЛЕДІ Read More »

ОБЛЫС ДӘРІГЕРЛЕРІНІҢ ОҢ ІСТЕРІ мен ОЛҚЫЛЫҚТАРЫ денсаулық сақтау министрі қатысқан активте ортаға салынды

Демографиялық жағдайын жақсартуды тілейтін облысымыз жасанды түсік жасатудан алдыңғы орында. Бұл денсаулық сақтау министрі Салидат Қайырбекованың қатысуымен өткен облыс активінде белгілі болды. Арайлым СМАҒҰЛОВА,“Солтүстік Қазақстан”. Облыс әкімі Серік Біләлов актив отырысын ашқаннан кейін, денсаулық сақтау министрі ретінде Қызылжар өңіріне алғаш аяқ басқан Салидат Қайырбекова жергілікті мамандармен ашық әңгімеге көшті. Алдымен еліміздің денсаулық сақтау саласында атқарылып …

ОБЛЫС ДӘРІГЕРЛЕРІНІҢ ОҢ ІСТЕРІ мен ОЛҚЫЛЫҚТАРЫ денсаулық сақтау министрі қатысқан активте ортаға салынды Read More »

АҒЗАДА ДӘРУМЕН АЗАЙСА…

А дәрумені кемігенде тері құрғап, тыныс жолы асқынады. Көздің айналасы құрғап, жарықтан жасқанып, жас ағады. В1 дәрумені кемігенде ауыздан жағымсыз иіс шығу, ұйқы қашу, кейде қол-аяқ ұюы байқалады.В12 дәрумені азайғанда тері ақшылданып, шаш сарғайып, сирейді. Тамаққа тәбет тартпай, құсады, іш өтеді.Д дәрумені кемігенде бас көп терлейді. Балаларда мешел ауруы пайда болса, ересектер сүйек жұмсаруына тап …

АҒЗАДА ДӘРУМЕН АЗАЙСА… Read More »

ИММУНИТЕТ – ДЕНСАУЛЫҚ КЕПІЛІ

Денсаулықтың қалқаны – иммунитеттің күшті болуы адамның тұрмысына тікелей байланысты. Суық тию, тұмау сынды маусымдық аурулармен жиі науқастанатын адам иммунитетінің әлсіздігін білдіреді. Адамды әртүрлі жұқпалы аурулардан қорғайтын да дәл осы иммунитет. Иммунитетті күшейту үшін не істеу қажет?Хайырбек ҚОЖАХМЕТОВ, дәрігер – терапевт. Ем-домды дұрыс қолдану – иммунитетті көтеретін ең жақсы әдіс. Жеміс-жидектер мен көкөністерді тұтыну бактерия …

ИММУНИТЕТ – ДЕНСАУЛЫҚ КЕПІЛІ Read More »

ДЕНІҢ САУ БОЛСЫН ДЕСЕҢ, асыңа мән бер

16 қазан – Дүниежүзілік тамақтану күні. Осы күнге орай республика бойынша 20 қазан “Тиімді тамақтану – саламатты өмір салтының негізі” атты акция өткізуде. Осыған орай тағы бір рет тамақтанудың маңызы жайында сөз қозғамақпыз. Ғалия ЖАМАНКИНА, Ұлттық тамақтану орталығы СҚО бойынша департаментінің ғылыми қызметкері. Адам денсаулығы үшін тиімді тамақтанудың орны ерекше. Жас ағза дені сау және …

ДЕНІҢ САУ БОЛСЫН ДЕСЕҢ, асыңа мән бер Read More »

АЖАЛМЕН АЛЫСАДЫ АСЫЛГҮЛ ДЕ…

Медбике – дәрігердің көрсеткен ем-домын сауатты да қалтқысыз орындап, науқаспен күндіз-түні бірге болып, қаншама адамның емделуіне септігін тигізетін дәрігер мен науқастың арасындағы дәнекер. Осындай дәнекер жандардың бірі – Асылгүл Алкешева. Облыстық аурухананың жансақтау бөлімінде 10 жылдан аса уақыт бойы қызмет етіп келе жатқан оны өз ісінің білгірі деп айтуға болады.  Бақытжан ЖОЛДАСҚЫЗЫ,“Солтүстік Қазақстан”. “Өмірі қыл …

АЖАЛМЕН АЛЫСАДЫ АСЫЛГҮЛ ДЕ… Read More »

ЕҢБЕККЕРЛЕРІН ҚАДІРЛЕЙТІН “ЕДИНСТВО”

Тоқтар ЗІКІРИН, “Солтүстік Қазақстан”. “Единство” жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 1999 жылы құрылысқа қажетті құрылыс материалдары мен өнімдерін өндіру мақсатында құрылды. Ол бұған дейін банкроттыққа ұшыраған “Темір-бетон” АҚ-ның күйреп қалған өндіріс ошағында ұйымдастырылды. Бұрынғы зауыттың сиқы кетіп бүліне бастаған қаңқиған ғимараттары болмаса, өндіріс техникалары мен құрал-жабдықтарының қирағаны қирап, тоналғаны тоналып, әбден талан-таражға түсіп, іске асары жоқтың қасы …

ЕҢБЕККЕРЛЕРІН ҚАДІРЛЕЙТІН “ЕДИНСТВО” Read More »

ҒАСЫРЛАР ҚОЙНАУЫНДАҒЫ ҚАЗЫНАМЫЗ

Зарқын ТАЙШЫБАЙ,  М.Қозыбаев атындағы СҚМУ профессоры, облыстық ономастика комиссиясының мүшесі. Жер-су атауларына зер сала қараған адам сол атаулардың астарындағы ғажайып сырларды танып, қайран қалар еді. Әрбір халықтың санасында бұл атаулар ғасырлар қойнауындағы қазына ретінде бағаланады. Қазақ халқы ежелден елді мекендердің, жер, су, өзен, көл атауларының мән-мағынасына, тарихына ерекше көңіл бөлген. Әр дәуірдің ескерткіші ретінде халық …

ҒАСЫРЛАР ҚОЙНАУЫНДАҒЫ ҚАЗЫНАМЫЗ Read More »

ЖАСЫРЫНБАҚ

Ойын, әдетте, жаздыгүндері ай жарығында, шөптесін алаңдарда, ал күндіз қора-қопсысы мол жерде немесе жасыратын жері бар алаңдарда ойналады. Ойнаушылар көмбеге жиналғаннан кейін, саусақ санау әдісімен кезекшіні яғни, жасырынатын ойыншыларды іздеп тауып, көмбеге әкелушіні тағайындайды. Осыдан кейін ойын басқарушы кезекшінің көзін басып тұрып дауыстап елуге дейін санайды да, қоя береді. Осы кезде ойнаушылар жасырынып үлгерулері керек. …

ЖАСЫРЫНБАҚ Read More »

Фотобайқау

Құрметті оқырман! “Балалар әлемі” бетінде өткізіліп келе жатқан бұл байқау биыл да өз жалғасын табады. Сондықтан да балаларыңыздың қызықты сәттерін суретке түсіріп үлгерген болсаңыздар, көп ойланбастан редакциямызға жолдаңыздар. Балалардың жасы үштен аспауы тиіс. Байқауға жолданған ең тапқыр сурет иесін сыйлық күтіп тұрғанын тағы бір еске саламыз.  Ботақаны бір үйдің, ерке, тегі, Тұрысына мәз мына сөмкедегі. …

Фотобайқау Read More »

АFЫЛШЫНША YЙРЕНЕМIЗ!

Құрметті оқырман! Газетіміздің “Балалар әлемі” бетінде “Ағылшынша үйренеміз” атты көңілді сабақ айдарымен көптен бері таныссыздар. Бұл сабақтар жеткіншектердің күнделікті қолданыста пайдаланып жүрген сөздер жиынтығынан тұрады. Соңғы үлгідегі оқулықты (“Ең кішкентайларға арналған ағылшын тілі”, кітаптың авторы – Г.П.Шалаева) негізге ала отырып, жаңа сөздерді біркелкі тақырыптарға топтастырып бермекпіз. Бүгінгі сабақтың тақырыбы: “Айлар”.  Қазақшасы Ағылшыншасы Оқылуы Қаңтар January …

АFЫЛШЫНША YЙРЕНЕМIЗ! Read More »

КӨП СYТ БЕРЕТIН АҒАШ

Бразилияда сүт беретін ағаш бар. Ол Амазонка өзенінің жағасында өседі. Жергілікті халық оны “сорвейра” деп атайды, қазақша мағынасы “сүт безі” дегенді білдіреді екен. Сол сорвейра ағашының бір жерін кертіп қалса, одан сүт тәрізді ақ шырын саулап қоя береді. Өзі сүттен сәл қышқылдау. Сондықтан, оны алғаш тағам ретінде пайдалана қоймаған. Кейіннен ботаниктер зерттеп, оның сиыр сүтінен …

КӨП СYТ БЕРЕТIН АҒАШ Read More »