«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

БЕЙБІТ ДІНДІ БЕЙНЕЛЕДІ БАЛАЛАР

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Балалар мен жасөспірімдер арасындағы сурет байқауының қорытындысы бойынша бейнелеу өнер мұражайында ұйымдастырылған көрме дін тақырыбына арналды. 

Бақытжан ЖОЛДАСҚЫЗЫ,
“Солтүстік Қазақстан”.

Байқаудың ұйымдастырушысы – “Прозрение – Көз жету” қоғамдық бірлестігі. “Конфессияаралық келісімнің қазақстандық үлгісін насихаттау” жобасын іске асыру шеңберінде облыстық ішкі саясат басқармасының тапсырмасы бойынша өткізілген көрмеде өңіріміздің дін қызметкерлері мен қылқалам иелері болды. Дінаралық татулықты насихаттау мақ-сатында ұйымдастырылған байқауға Есіл, Уәлиханов, Тайынша аудандары мен Петропавл қаласының жалпы білім беретін мектептерінің оқушылары қатысты. Байқауға 140 жұмыс ұсынылып, олардың ішінен 50 жұмыс іріктеліп алынды.
Байқау қорытындысы бойынша балалар мен жасөспірімдер және жалпы білім беретін мектептер мен қосымша білім беру мекемелері арасынан үздіктер анықталды. Көркемөнер лицейінің тәрбиеленушісі 5 жасар Елизавета Имашбаеваның “Періштелер әрдайым жанымызда” деп аталған суреті қазылар алқасының шешімімен ең үздік деп танылып, 5-10 жастағы қатысушылар арасында бірінші орын алды. 11-15 жас аралығындағы қатысушылар арасынан №8 орта жалпы білім беретін эстетикалық тәрбие мектеп-кешенінің оқушысы Дария Авдеева мен көркемөнер лицейінің тәрбиеленушісі Марина Сафинова жасөспірімдер арасынан суырылып алға шықты. Бірі батик жанрында қалам тербесе, екіншісі аппликация техникасы арқылы діннің мейірімділігін көрерменге жеткізуге тырысқан. Байқаудың жеңімпаздары марапатталды.
СУРЕТТЕ: Е. Имашбаеваны марапаттау сәті.
Суретті түсірген
Амангелді БЕКМҰРАТОВ.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp