Ойын, әдетте, жаздыгүндері ай жарығында, шөптесін алаңдарда, ал күндіз қора-қопсысы мол жерде немесе жасыратын жері бар алаңдарда ойналады. Ойнаушылар көмбеге жиналғаннан кейін, саусақ санау әдісімен кезекшіні яғни, жасырынатын ойыншыларды іздеп тауып, көмбеге әкелушіні тағайындайды. Осыдан кейін ойын басқарушы кезекшінің көзін басып тұрып дауыстап елуге дейін санайды да, қоя береді. Осы кезде ойнаушылар жасырынып үлгерулері керек. Кезекші жасырынған ойыншыларды іздеуге кіріседі. Жасырынған ойыншыларды ол іздей жүріп көмбе маңынан алыстамауы керек. Себебі, кезекші бірінші жасырынған ойыншыны көрген бетте көмбеге ойыншыдан бұрын келіп хабарлайтын болады. Егер кезекшінің көзіне бірінші түскен ойыншы көмбеге кезекшіден бұрын келсе, онда кезекші өзінің қызметін екінші рет қайталайды. Бұл жерде кезекші ұтылмас үшін, бірінші көрген ойыншының атын атап, көмбеге қарай жүгіруі керек. Содан кейін асықпай басқаларын іздей бастайды.
Тағы бір ескеретін жайт: кезекші ойыншыны көрмейінше, атын атап дауыстамайынша, ойыншылардың өз бетінше көмбеге кетулеріне болмайды.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp
Соңғы жаңалықтар
- 21.12.2024
- 8 қаралым
- 21.12.2024
- 10 қаралым
- 21.12.2024
- 9 қаралым
- 21.12.2024
- 5 қаралым
- 21.12.2024
- 2 қаралым