Тайынша қаласының сотына Д. деген мектеп мұғалімі 1 000 000 теңге мөлшерінде моральдық зиянды, 27 712 теңге мөлшерінде материалдық төлемдерді өтеу, зая кеткен еңбекақысын, 100 000 теңге мөлшерінде өкілдік шығынның орнын толтыру, мемлекеттік бажды қайтару туралы талаппен шағымданды.
Өткен жылдың жазында жауапкер мас күйінде өз көлігімен келе жатып бағдаршамның рұқсат етілген түсіне, жан-жағына қарамастан белгіленбеген орында жолдың көлік жүретін бөлігіне жүгіріп шыққан талапкерді, яғни жаяу жүргіншіні соғып кеткен. Осы жол-көлік оқиғасының нәтижесінде талапкердің денсаулығына жеңіл зиян келтірілген.
2012 жылдың 10 тамызынан 1 қаза-нына дейінгі аралықта талапкер орталық ауруханада тегін ем қабылдаған. Талапкердің пікірінше, жұмысқа жарамсыз болғандықтан, ол ай сайынғы жалақысынан айрылған. Сонымен қатар бетінде қалған тыртық оған адами күйзеліс пен жайсыздықты сездіреді. Сотмедициналық сараптаманың қорытындысына сәйкес, аталмыш тыртық уақыт өте келе көлемі біршама кішірейсе де, жазылмайтын болып шықты.
Жауапкер талапты ішінара мойындап, емделу мен сотқа жұмсалған материалдық шығындарды төлеуге ниет білдірген. Ал 1 000 000 теңге көлемінде моральдық зиян мен 100 000 теңге көлемінде өкілдік шығындарды өтеп беруге жағдайының жоқтығын мәлімдеді.
Іс материалдарын зерделеп, сот жауапкердің талапкерге келтірген зияны абайсыздықтан болған деп таныды. Сонымен бірге талапкердің өзі Жол-қозғалыс ережелерінің 3.5-тармағын бұзған.
Сот талапкердің мұрнындағы тыртықты ұсқынсыз деп тану үшін негіз таппады. Жарақат шағын ғана, әрі ол талапкердің кәсібі мен тағдырына келтірер зияны жоқ.
Сот іс бойынша талапты қанағаттандыру барысында жауапкердің материалдық жағдайын, зайыбының босанар алдындағы демалыста жүргенін, асырауында кішкентай баласының барын және жалақысы отбасының тіршілік көзі болып табылатынын ескерді.
Сот талапкердің моральдық зиянды өтеуге қатысты талаптарын тым жоғары деп тапты. Сотта жұмыс орны бойынша талапкер белгілеген материалдық шығындарды өтеу сомасы да негізсіз деп танылды. Өйткені, науқас парағы берілген соң оған жұмыс орнынан еңбекақысы төленген, ал ауырған кездегі төленбеген соманың айырмашылығы 13 922 теңгені құраған.
Осылайша, талапкердің пайдасына жауапкерден 13 922 теңге (еңбекке қабілетсіз болған кезеңде жұмыс орнында төленбеген жалақысы) + 100 000 теңге (моральдық зиян) + 1 241 теңге (мемлекеттік бажды қайтару) + 11 516 теңге (өкілдік шығындар) өндіріліп алынды.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp
Соңғы жаңалықтар
- 21.12.2024
- 8 қаралым
- 21.12.2024
- 10 қаралым
- 21.12.2024
- 9 қаралым
- 21.12.2024
- 5 қаралым
- 21.12.2024
- 2 қаралым