«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЮЛИЯ ИВАНОВА – ҮЗДІК СУДЬЯ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Солтүстік Қазақстан облыстық сотының судьясы Юлия Иванова – нағыз үздік. Ол жуырда 50 жасқа толған торқалы мерейтойын атап өтті.

Юлия Павловна өзінің көпжылдық судьялық жұмыс тәжірибесінде сот төрелігін іске асырудың мінсіз сапасын көрсетіп, кәсіби табыстарға жетті. Сол арқылы жалпы еліміздегі сот жүйесінің қалыптасуына және дамуына салмақты үлес қосты.
Облыстық сот төрағасы Нұрғазы Әбдіқановтың жуырда ғана Юлия Ивановаға судьялардың жоғары марапаты – “Үш би” құрмет белгісін табыс етуі оның шүбәсіз еңбегінің жемісі. Қазақстан Республикасының Судьялар одағы осы марапатты ұйымдастырған кезден бастап бүгінгі күнге дейін Солтүстік Қазақстан облысының сегіз судьясы ғана мұндай ерекшелік белгісіне лайық деп танылған.
Юлия Павловна Р.Руденко атындағы Свердловск заң институтын тамамдаған соң әр жылдары прокуратура және адвокатура органдарында жұмыс істеді. Сауатты да жауапты заңгер ретінде ол бірден көзге түсті. Сондықтан Петропавл қаласының әділет басқармасының бас маманы қызметінде жүрген Ю.П.Иванова 1990 жылы Булаев аудандық сотының халық судьясы, ал 1991 жылдан – Ленин (қазіргі Есіл) аудандық сотының төрайымы болып сайланды.
1999 жылы Ю.Иванова Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Солтүстік Қазақстан облыстық сотының судьясы болып тағайындалды. Ол жоғары деңгейлі кәсіби дайындығымен, мәдениеттілігімен, адамгершілік қасиеттерімен ерекшеленеді. Өз кезегінде, судьялар әдебі жөніндегі комиссияның төрайымы ретінде Юлия Павловна өз әріптестерінен де тәртіптің жоғары стандарттарын қатаң сақтауды талап етеді. Бұл лауазымға ол Қазақстан Республикасы Судьялар одағының Солтүстік Қазақстан облыстық филиалының 2012 жылғы қаңтардағы конференциясында бірауыздан сайланды.
… Юлия Павловна келесі сот ісін жүргізуге бара жатыр. Кассациялық сот алқасының құрамында ол судья борышы мен өзінің ар-ожданы әмір еткен кезекті бірден-бір шешімін қабылдайды…
Солтүстік Қазақстан облыстық
сотының баспасөз қызметі.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp