«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҚАЗАҚША КВН-ДЫ ҚОЛДАҒАН КОЛЛЕДЖ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Фархат ТАСТАМБЕКОВ,
“Солтүстік Қазақстан”.

“Мағжан жастары” командасының белді ойыншысы Мұханбетәлі Сапаров бастаған бір топ жастар қазақша КВН-ді ашық чемпионат өткізу арқылы одан әрі дамытпақшы. Бұл игі іске колледж басшылығы қолдау білдіріп отыр.
Жартылай финалға гуманитарлық колледжден төрт команда – “Таза қазақтар”, “Мағжан қыздары”, “Мағжан жастары” және “Теріскей тарландары”, қалалық классикалық гимназиядан “Джентельмендер”, гуманитарлық-техникалық колледжден “Жұдырық” және СҚМУ-ден “Жандостар” командалары қатысты. Сонымен қатар қалалық мектептердің оқушыларынан құралған, аты да затына сай “Мектептер құрамасы” деп аталатын команда да бағын сынап көрді.
Қазылар алқасының бағалауы бойынша “Мектептер құрамасы” үшінші орынға, ал сахнаға алғаш шығып жақсы өнер көрсеткен “Теріскей тарландары” екінші орынға тұрақтады. Бірінші орынды бірдей ұпай алған “Мағжан жастары” мен “Джентельмендер” командасы өзара бөлісті.
Қазылар алқасының төрағасы болған, жергілікті қазақша КВН ойындарының жетекшісі Ерлік Мұхамеджановтың ұйғарымымен “Теріскей тарландары” және “Жандостар” командасы қалалық ашық біріншіліктің жартылай финалына жолдама алды. Ал колледждің финалы енді қарашаның аяғында өтеді деп жоспарланып отыр.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp