«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҚАЛДЫ ӨШПЕС ІЗІМІЗ, КЕЛДІ АЛТЫН КҮЗІМІЗ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Болат ЖАҚИН,
Тимирязев ауылдық ардагерлер
ұйымының төрағасы.

Тыңмен бірге іргесі көте­рілген біздің аудан жас­тардың қолымен тұрғы­зылған. Сексенде селкіл­деген шалдарға айналған олар қазір саусақпен са­нарлықтай ғана. Бірақ бұған таңдануға да болмас: олар түгіл, тың көтеріле бастағанда туғандардың өздері алпысқа жақындап қалды ғой.
Ауданымызда екі мыңдай зейнеткер болса, аудан ор­талығында олардың саны 600-ден астам. Көзден таса, көңілден тысқары қалған бірі де жоқ. Бір-бір ұйымға бе­кітілген оларды туған күн­дерінде құттықтау – қалып­тасқан дәстүр. Қоғамдағы әлеуметтік шиеленістің бә­сеңдеуіне үлес қосып жүрген қариялардың ішінде күні кеше еңбектерімен елге та­нылған ардақтылар аз емес. Мәселен, біздің бастауыш ұйымның алқа мүшелерінің үшеуі “Ауданның Құрметті азаматы” атағына ие.
Біздің жиі-жиі бас қосатын жеріміз – аудандық Мәде­ниет үйі. “Ең үздік ауылдық мәдениет мекемесі” байқауында екінші орынға ие болған аудандық кітапхана да екінші үйіміздей ыстық. Оларда сан алуан шаралар ұйымдастырылады. Еңбе­гіміз еленді де: әншілеріміз М.Савельева мен А.Мокре­нюк, көркемсөз шебері М.Қалкенов ардагерлердің облыстық байқауында жүл­делер алды.
“Жерлестер – замандас­тар” клубының жұмысы да қызықты. Біз өткен айда мек­тептердің жоғары сынып оқушыларымен және №14 кәсіптік лицейдің оқыту­шыларымен кездесу өткіздік. Онда артта қалған еңбек жо­лымыз, өз мамандығымыз туралы тебірене сөйледік.
Әсіресе, Қарттар күні біз­де жақсы өткізілді. Шақыру билетін алған қарияларды аудандық Мәдениет үйіне автобус алып барды, алып келді. Онда Санақ Сейтенов, Вальтер Эстерле сияқты ардагерлерге “Қазақстан по­лициясына – 20 жыл” төс­белгісі тапсырылды. Бір топ қариялар аудан әкімінің Құр­мет грамотасымен мара­патталды. (Солардың ішінде мен де бармын).
Қарттар мен мүгедектерді әлеуметтік қолдау жөніндегі қазіргі айлық барысында олардың көптеген әлеумет­тік-тұрмыстық мәселелері шешімін табатындығы қуантпай қоймайды. Әсіре­се, жалғызбасты қарттар мен мүгедектердің отын, азық-түлік, дәрі-дәрмек са­тып алуына көмек көрсе­тіледі.
Биыл біздің ауданның құрылғанына жарты ғасыр толғалы тұр. Тың даланың қариялары осы мерекені де күтіп жүр.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp