Жанар ІЛИЯС,
ҚР БП ҚСжАЕК Солтүстік Қазақстан облысы бойынша құқықтық статистика және арнайы есеп жөніндегі басқармасының бастығы.
Құқықтық статистика және арнайы есеп органдарының негізгі міндеттері – адам мен азаматтың, заңды тұлғалардың және мем-лекеттің құқықтарын, заңды мүдделерін бұлжытпай сақтау, бірыңғай статистикалық қағидаттар мен стандарттардың негізінде еліміздегі заңдылық пен құқықтық тәртіптің жай-күйі туралы мемлекеттік органдар мен жеке және заңды тұлғаларды тиімді де, дәлелді деректермен ақпараттық қамтамасыз ету.
2012 жылдың 9 айында облыста 54 178 қылмыс туралы өтініштер мен хабарламалар тіркелді, бұл өткен жылдың көрсеткішінен 161,4 пайызға көбірек. Бұл үрдіс жыл басынан бастап өтініштер мен хабарламаларды тіркеу бойынша жаңа нұсқаулықтың күшіне енуімен түсіндіріледі. Қазір қылмыстық қудалау органдары барлық келіп түсетін ақпаратты тіркейді.
Қылмыс туралы өтініштер мен хабарламалар санының өсуі оларды тіркеу кезінде есептік тәртіпті қатаңдатудың салдары болып табылатынын атап өту қажет. Осы мәселеге прокуратура органдары тарапынан ұдайы қадағалау және қылмыстық қудалау органдары тарапынан ведомстволық бақылау жасалады. Соның нәтижесінде биыл жасырылған қылмыс саны үш есе кеміді (139-дан 48-ге дейін).
Жалпы биылғы жылдың 9 айында облыста былтырғы мерзіммен салыстырғанда тіркелген қылмыстар деңгейі 12,2% (5231-ден 5868-ге дейін), оның ішінде орта ауырлықтағы – 18,9%-ға (4055-тен 4822-ге дейін), ауырлығы шамалы – 9,7%-ға (381-ден 418-ге дейін) өсті.
Жасаған қылмыстар құрылымында негізгі үлесті меншікке қарсы қылмыстар құрайды. Олардың ішінде бөтеннің мүлкін ұрлау басым, мұндай 3978 қылмыс тіркелді. Бұл былтырғы сәйкес мерзімдегіден (3248) 22,5% көп. Айта кету керек, пәтер ұрлықтары артып, мал ұрлау 24,1% азайды (299-дан 227-ге дейін).
Қылмыстылықтың жай-күйі ауыр және аса ауыр қылмыстардың деңгейі бойынша қарастырылады. Осыған байланысты облыстағы қылмыстық жағдай күрделенбегенін атап өту қажет, себебі ауыр және аса ауыр қылмыстардың деңгейі сәйкес түрде 4,2%-ға және 42,4%-ға төмендеді.
Сонымен бірге адам өлтіру – 23,9%-ға, денсаулыққа қасақана зиян келтіру – 23,2%-ға, шабуыл жасау – 35,9%-ға, бопсалау – 22,6%-ға, есірткі қылмыстары 25,7%-ға төмендегені байқалады.
Облыс бойынша жалпы ауыр және аса ауыр қылмыстың ашылуы 73,7% құрады. Бұл өткен жылғы көрсеткіштен 11,8%-ға төмен. Мұның себебі жыл басынан бастап ашылу пайызын есептеудің жаңа формуласын енгізумен байланысты. Ол бұрын қозғалған қылмыстық істер санынан есептелген болса, қазір қылмыстар туралы тіркелген өтініштер санынан есептеледі. Сонымен бірге полиция қызметкерлері жиі жасыратын ауырлығы шамалы, орта ауырлықтағы қылмыстар бойынша ашу есебі критерийінің күші жойылды.
Сонымен өңірдегі тіркелген қылмыстардың біршама өсуі есепке алу-тіркеу тәртібіне жаңа ақпараттық технологиялардың енгізілуімен және қылмысты ашу бағасынан бас тартумен байланысты. Тіркеудің ашық болуы және қылмысты ашу көрсеткішіне қол жеткізуде мүдделіліктің болмауы тіркелген қылмыстардың шынайы мәліметтерін қамтамасыз етеді деп есептейміз.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp
Соңғы жаңалықтар
- 21.12.2024
- 8 қаралым
- 21.12.2024
- 10 қаралым
- 21.12.2024
- 9 қаралым
- 21.12.2024
- 5 қаралым
- 21.12.2024
- 2 қаралым