«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ТӨРТ БАҒЫТТЫ ТҮГЕЛ ҚАМТЫП…

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Нұржұхан КУКЛА,

Мағжан Жұмабаев
ауданының жұмыспен
қамту орталығының

директоры.

Мағжан Жұмабаев ауданында “Жұмыспен қамту – 2020” бағдарламасы ойдағыдай жүзеге асырылып жатыр.
Жұмыссыздар мен тұрмысы төмен азаматтарды оқытуға және оларды жұмысқа тұрғызуға негізделген І бағыты бойынша 27 адам оқумен қамтылып отыр. Оның ішінде 6 адам – кәсіптік оқу, 17 адам – қайта даярлау, 4 адам біліктілікті жетілдіру курстарымен қамтылған. Олардың ішінде 21 адам оқуларын бітіріп, 20 адам жұмысқа тұрғызылған.
Айта кету керек, кәсіптік даярлық бойынша (колледждер мен лицейлерде 1-3 жыл оқу) техник-бағдарламашы, техник-механик, техник-технолог, техник-электрик, техник-құрылысшы, электромеханик, технолог, ветеринар-фельдшер сияқты техникалық мамандықтар басымдыққа ие. Ал кадрларды қайта даярлау және біліктілікті жетілдіру жөніндегі қысқамерзімдік оқу курстары бойынша газэлектр дәнекерлеуші, тракторшы, автокөлік жүргізушісі, аспаз, есепші, шаштараз сияқты мамандықтар көп сұранысқа ие.
41 адам әлеуметтік жұмыс орындарына орналастырылды. Әлеуметтік жұмыс орындарынан кейін 32 адам тұрақты жұмыспен қамтамасыз етілді.
“Жастар тәжірибесін” ұйымдастыру үшін жұмыс берушімен келісімшарт жасалып, соған сәйкес 46 адам жұмыспен қамтылды. “Жастар тәжірибесінен” өткеннен кейін 2 адам тұрақты жұмысқа ие болды.
Ал “Ауылдық жерлердегі кәсіпкерлікке қолдау көрсетуді” мақсат еткен ІІ бағыт бойынша 32 адам кәсіпкерлік негіздерін оқып-үйренді. Және шағын несиелендіруге бөлінген қаржының жалпы сомасы 48 000 000 теңгені құрады.
Айта кету керек, мал шаруашылығы, ет өнімдерінің өндірісі, көкөніс және бақша өнімдерін өсіру шаруашылығы ауылдағы кәсіпкерлікті дамытудың негізгі бағыттары болып отыр.
Осы бағыт шеңберінде мемлекеттік қолдаудың мынадай түрлері
көрсетіледі:
1) оқитын адамдарға (оқу орнына дейiн және керi жол жүруiне, жатақханада тұруына немесе тұрғын үйдi жалға алумен байланысты шығындарды өтеуге) субсидия бере отырып, кәсіпкерлік негіздерін оқыту;
2) микрокредит беру;
3) бағдарлама шеңберінде іске асырылатын жобалар үшін жетіспейтін инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамыту және жайластыру;
4) консультациялық қызмет көрсету.
“Еңбек ресурстарының жинақылығын арттыруды” қарастырған ІІІ бағыттың аясында 2011-2012 жылдары 10 үйдің құрылысы жоспарланған болатын. Қазіргі таңда 5 үйдің құрылысы жалғасуда. 5 үйдің құрылысы аяқталып, олар бес отбасыға берілді. 2012 жылы 5 үйдің құрылысы жоспарланып отыр. Қоныс аударған отбасылардың көші-қондарына демеу-қаржы берілді.
“Ауылдық елді мекендерді дамытуға” негізделген IV бағыттың аясында әлеуметтік-экономикалық даму әлеуеттері орташа және жоғары ауылдарда инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру жұмыстары жүргізілуде. Атап айтқанда, үстіміздегі жылы 4 инфрақұрылымдық жобаны іске асыру жоспарланып отыр. Соның ішінде Қарақоға, Советское, Сарытомар мектептері және Ұзынкөл ауылындағы Мәдениет үйі күрделі жөндеуден өткізілуде. Осы жобаны іске асыруыға 12 адам уақытша жұмысқа орналасты.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp