«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 22.10.2012

ӨҢІРІМІЗДЕ ДІНИ АХУАЛ ТҰРАҚТЫ

Арайлым СМАҒҰЛОВА,“Солтүстік Қазақстан”. Жұма күні облысымызға тұрғындар арасында діни сауаттылықты арттыру үшін жұмыс сапарымен келген республикалық ақпараттық-насихат тобы жергілікті ассамблея өкілдерімен кездесті. Дін істері жөніндегі агенттіктің басқарма бастығы Балтабай Мекежанов, Павлодар облысындағы “Мәшһүр Жүсіп” және Ақмола облысының “Науан Хазірет” мешіттерінің наиб имамдары Қанат Алшынбаев пен Батырбек Убаев облыс орталығындағы бірқатар әлеуметтік ұйымдарда, аудандарда болып, жұртшылықпен …

ӨҢІРІМІЗДЕ ДІНИ АХУАЛ ТҰРАҚТЫ Read More »

ҚҰТҚАРУ ҚЫЗМЕТІНІҢ ЖАҢА БАСШЫСЫ

Облыстық төтенше жағдайлар департаменті бастығының міндетін атқарушы Әсет Ысмағұлов суда құтқару қызметінің жеке құрамына жаңа басшыны таныстырды.Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің бұйрығымен “ҚР ТЖМ СҚО ТЖД Суда құтқару қызметі” ММ бастығы лауазымына Виктор Держанский тағайындалды. Виктор Николаевич бұған дейін суда құтқару қызметінде сүңгуір-құтқарушы болып жұмыс істеген.Таныстыру барысында Әсет Ысмағұлов жаңа басшының тәжірибесі мол, ұжымда беделді …

ҚҰТҚАРУ ҚЫЗМЕТІНІҢ ЖАҢА БАСШЫСЫ Read More »

ОТҚА ДА, СУҒА ДА ТҮСЕТІН құтқарушылар құрметке лайық

Гүлгүл ҚУАТҚЫЗЫ,“Солтүстік Қазақстан”. Қалалық Мәдениет үйінде өткен салтанатты жиынға төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері мен ардагерлері шақырылып, оларға мерекелік көңіл күй сыйланды. Жиынның басында құтқару қызметінің жұмысын бейнелеген шағын қойылымды тамашалаған жұртшылық, олардың міндетінің ауыр да қауіпті екендігіне тағы бір көз жеткізді. Төтенше жағдайлар департаменті өзіне жүктелген өрт сөндіру және судан құтқару қызметтерін, мемлекеттік өрт сөндіру …

ОТҚА ДА, СУҒА ДА ТҮСЕТІН құтқарушылар құрметке лайық Read More »

АҚЖАРЛЫҚ ЕВГЕНИЙ ЗЮЗЬКО алдына жан салмады жарысқанда

Жұма күні Достық үйінде жалпы білім беретін оқу орындарындағы өзге ұлт оқушылары арасында “Мен және сен қазақша сөйлейміз” облыстық байқауы өтті.  Бақытжан ЖОЛДАСҚЫЗЫ, “Солтүстік Қазақстан”. Байқауға Есіл, Тимирязев және Уәлиханов аудандарынан басқа барлық аудандар мен Қызылжар қаласынан 13 үміткер қатысты. 5-11-сынып оқушылары бақ сынасқан байқау 3 кезеңнен тұрды. Бірінші кезеңде оқушылар “Мемлекеттік рәміздерге – 20 …

АҚЖАРЛЫҚ ЕВГЕНИЙ ЗЮЗЬКО алдына жан салмады жарысқанда Read More »

МАМАНДЫҒЫН МҮЛТІКСІЗ МЕҢГЕРГЕН

Гүлгүл ҚУАТҚЫЗЫ, “Солтүстік Қазақстан”. Марат Қалимолдин өңіріміздің іргелі кәсіпорны – “ЗИКСТО” акционерлік қоғамында алтыншы жыл еңбек етеді. Тұрақты жұмыс орнын тауып, өзінің көңіліне жағатын темір ұстасы мамандығын таңдаған ол аз жылдың ішінде жүк вагондарын жасауға әбден бейімделіп алған. Ол жұмыс істейтін 118-ші цех – зауыттың ең бір өнімді бөлігі. “Бір жеңнен – қол, бір жағадан …

МАМАНДЫҒЫН МҮЛТІКСІЗ МЕҢГЕРГЕН Read More »

АТА КӘСІБІМІЗДІ АРДАҚТАҒАН “ДАНИЛ” қой басын 5 мыңға жеткізбекші

Айбек ХОРШАТ, Ақжар аудандық ішкі саясат бөлімінің бастығы. Ақжарқын ауылындағы “Данил” фермерлік қожалығы құрылғалы бірнеше жылдың жүзі болды. Алғаш рет өз қаражатына жылқы мен қой сатып алып, кәсіпкерлікті бастаған Руслан Ялдаров басшылық ететін осы фермерлік қожалық бүгінде ауданымыздағы мал өсірумен айналысатын ең үлкен шаруашылықтардың біріне айналып отыр. Арада 4-5 жыл өткен соң қой саны 360 …

АТА КӘСІБІМІЗДІ АРДАҚТАҒАН “ДАНИЛ” қой басын 5 мыңға жеткізбекші Read More »

ҚЫЗЫЛЖАРДЫҢ ЖҮРЕГІНДЕЙ “ЕСІЛ” БҰЛ

Облыс орталығының Қазақстан Конституциясы мен М.Жұмабаев көшелері қиылысындағы “Есіл” мейрамханасын 29 жылдан бері жеке кәсіпкер Гүлжиян Әлімбаева басқарып келеді. Сәні мен салтанатын бұзбай, тұтынушыларға ойдағыдай қызмет көрсетіп келе жатқан өндіріс орнының басшысы Гүлжиян Бекенқызын сөзге тартқан едік. – Гүлжиян Бекенқызы, өзіңіздей қазақ қызының Петропавлдың маңдайға ұстар кәсіпорнын басқаруы – сирек кездесетін жағдай. Мейрамхана басшылығына қалай …

ҚЫЗЫЛЖАРДЫҢ ЖҮРЕГІНДЕЙ “ЕСІЛ” БҰЛ Read More »

Дiни әдебиеттi және дiни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, дiни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлар

Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2012 жылғы “__” ____№ _қаулы жобасына қосымша №          Атауы                                                     Мекенжайы  1.           Дүкен           …

Дiни әдебиеттi және дiни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, дiни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлар Read More »

Дiни әдебиеттi және дiни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, дiни мақсаттағы заттарды тарату үшiн арнайы тұрақты үй-жайлардың орналастырылуын бекiту туралы

“Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы” Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 Заңының 27-бабының 2-тармағына, “Дiни қызмет және дiни бiрлестiктер туралы” Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 11 қазандағы №483-IV Заңының 5-бабының 4) тармақшасына сәйкес облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қосымшаға сәйкес дiни әдебиеттi және дiни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, дiни мақсаттағы …

Дiни әдебиеттi және дiни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, дiни мақсаттағы заттарды тарату үшiн арнайы тұрақты үй-жайлардың орналастырылуын бекiту туралы Read More »

АРМАН-ҚАЛАМЫЗ – АСТАНАҒА САЯХАТ

Үстіміздегі жылдың 9 қазаны біз, жетім және ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған Айыртау мектеп-интернатының тәрбиеленушілері үшін ерекше күн болды. Көптен күткен арманымыз орындалды: 70 қыз бен ер балаға “Қуан, сәби!” акциясы аясында еліміздің бас қаласы – Астанаға саяхатқа барудың жолы түсті. “Круиз” фирмасының заманауи үлгідегі автобусы бізді Отанымыздың жүрегі – елордаға жылдам жеткізді. Астана – еліміздің ең …

АРМАН-ҚАЛАМЫЗ – АСТАНАҒА САЯХАТ Read More »

ҰЛЫ КӨШТІҢ НӘТИЖЕСІ ҚАНДАЙ?

Жуырда Алматыда Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының 20 жылдығы аясында “Этникалық қазақтардың репатриациясы Қазақстан мемлекеті көші-қон саясатының құрамдас бөлігі ретінде: жетістіктері, мәселелері мен оларды шешу жолдары” атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференция болып өтті. Конференцияға ҚР Мәдениет және ақпарат, Білім және ғылым, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрліктерінен және ІІМ Көші-қон полициясы комитетінен өкілдер, ғалымдар мен ЖОО ұстаздары, мұрағат …

ҰЛЫ КӨШТІҢ НӘТИЖЕСІ ҚАНДАЙ? Read More »

БІР ТАБЫН МАЛ ҰРЛАҒАН барымташылар құрықталды

Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның тәртіп сақшылары Шөптікөл ауылының бір табын малын ұрлады деген күдікпен Ақмола облысының үш тұрғынын құрықтады.  Аудандық ішкі істер бөліміне Шөптікөл ауылының тұрғындары арызданып, белгісіз біреулер олардың 1 жылқысын, 30 сиырын және 28 қойын ұрлап кеткенін хабарлаған. Бір табын малды бағып жүрген 55 жастағы малшының айтуынша, түнде ол малды ауылдан жеті шақырым …

БІР ТАБЫН МАЛ ҰРЛАҒАН барымташылар құрықталды Read More »

КІСІ БАСЫП, ӨЛТІРІП, қашып кеткен жүргізуші ұсталды

СҚО ІІД жол полициясы басқармасының іздеу бөлімінің қызметкерлері жол-көлік оқиғасы орнынан қашып кеткен жүргізушіні анықтап, ұстады. Ол Петропавл қаласының қақ ортасында 18 жастағы жаяу жүргіншіні қағып кеткен. Көлік астына түскен жігіт оқиға орнында көз жұмған.   Апат қазанның 13-інде түнгі үш шамасында Жамбыл және Чайковский көшелерінің қиылысында орын алды. Қыз баланы үйіне шығарып салып келе …

КІСІ БАСЫП, ӨЛТІРІП, қашып кеткен жүргізуші ұсталды Read More »

ҰЯЛЫ ТЕЛЕФОННЫҢ ӘЛЕГІ медиация арқылы шешілмек

Талапкер жеке кәсіпкерге сату-сатып алу шартын бұзу, 87 400 теңге мөлшеріндегі материалдық шығынның, 950 000 теңге моральдық зиянның орнын толтыру, 157 320 теңге мөлшеріндегі тұрақсыздық айыбын өндіріп алу туралы талаппен Петропавл қалалық №2 сотына жүгінген.  Мәселенің мәнісіне келсек, талапкер жеке кәсіпкердің сауда орнынан құны 87 400 теңгеге ұялы телефон сатып алған. Телефонды қолдану барысында ақау …

ҰЯЛЫ ТЕЛЕФОННЫҢ ӘЛЕГІ медиация арқылы шешілмек Read More »

АҚПАРАТТЫҚ ИННОВАЦИЯ ӨРІС АЛУДА

Тоқтар ЗІКІРИН,“Солтүстік Қазақстан”. Облыстық статистика департаментінде Бүкіләлемдік статистика күнінің аясында “Ашық есік күні” өтті. Онда департамент мамандары облыс орталығындағы мекемелердің статистикалық деректерді пайдаланушы қызметкерлеріне мемлекеттік статистика саласындағы инновациялар – статистикалық есептерді электрондық түрде және on-line режімінде қабылдау жайында айтып берді.Кездесуде алдымен департамент бастығының орынбасары Гүлзиян Ізбасова жиналғандарды статистикалық ақпарат таратудың инновациялық жаңалықтарымен таныстырды.– Біздің деректерімізді …

АҚПАРАТТЫҚ ИННОВАЦИЯ ӨРІС АЛУДА Read More »

ОМБЫЛЫҚТАР – ОБЛЫС ӘКІМІ КУБОГЫНЫҢ ИЕГЕРЛЕРІ

Н.Погодин атындағы облыстық орыс драма театрында халықаралық көңілді және тапқырлар ойыны болып өтті. Жергілікті командалармен қатар Қостанай, Көкшетау, Ресейдің Омбы, Қорған, Челябі қалаларының ойыншылары облыс әкімі кубогын сарапқа салды.  Гүлбике ТӨЛЕБАЕВА,“Солтүстік Қазақстан”. Сахнаға бірінші шыққан М.Қозыбаев атындағы СҚМУ-дің “ФитФМ” командасы ұтқыр ойынымен көзге түсті. Олардың қалжыңдары бүгінгі тұрмыспен байланысты болды. Студенттер, тіпті, велошабандоз Александр Винокуровтың …

ОМБЫЛЫҚТАР – ОБЛЫС ӘКІМІ КУБОГЫНЫҢ ИЕГЕРЛЕРІ Read More »

БІЗ НЕГЕ ОСЫНДАЙМЫЗ?

Соңғы кезде жағамызды ұстайтын бір оқиғаны естісек те: “Заманына қарай – адамы” деп, сәуегейсіп, істеп отырған жұмысымызды жалғастыра беретін болдық. Сіздерге осы сөзді тағы бір рет қайталату үшін өзім көрген, естіген оқиғаларды баяндап бермекпін. Арайлым СМАҒҰЛОВА,“Солтүстік Қазақстан”. Жұмыстан кейін өзім үнемі автобус тосатын аялдамаға жақындап қалдым. Таныс тұлғаны жазбай таныдым. Кім екенін білмесем де, әйтеуір, …

БІЗ НЕГЕ ОСЫНДАЙМЫЗ? Read More »