«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

АҚПАРАТТЫҚ ИННОВАЦИЯ ӨРІС АЛУДА

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Тоқтар ЗІКІРИН,
“Солтүстік Қазақстан”.

Облыстық статистика департаментінде Бүкіләлемдік статистика күнінің аясында “Ашық есік күні” өтті. Онда департамент мамандары облыс орталығындағы мекемелердің статистикалық деректерді пайдаланушы қызметкерлеріне мемлекеттік статистика саласындағы инновациялар – статистикалық есептерді электрондық түрде және on-line режімінде қабылдау жайында айтып берді.
Кездесуде алдымен департамент бастығының орынбасары Гүлзиян Ізбасова жиналғандарды статистикалық ақпарат таратудың инновациялық жаңалықтарымен таныстырды.
– Біздің деректерімізді мемлекеттік органдар, оқу орындары, қоғамдық ұйымдар, іскерлік топтар және тұрғындар пайдаланады. Пайдаланушыларға ақпарат жеткізудің маңызды құралы статистикалық басылымдар болып табылады. Биыл облыстық статистика департаменті 21 ақпараттық жинақ және 100-ден астам салалық бюллетень шығарады, сондай-ақ статистиканың 19 саласы бойынша жедел ақпарат деректерін жариялайтын болады, – деді ол.
Олардағы негізгі деректер демографиялық үрдістерді, жұмыспен қамту мен жұмыссыздықты, тұрғындардың өмір сүруі деңгейін, әлеуметтік жағдайын, ішкі және сыртқы сауданы, экология және тағы басқа мәселелерді қамтиды. Ал басты назар қаржы, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, құрылыс, көлік салаларының даму көрсеткіштеріне және инвестициялық қызмет, баға мен тарифтер мәселелеріне аударылған.
Баяндамашы жиналғандарға статистикалық деректер берудің заманауи тәсілі “Талдау” ақпараттық-талдау жүйесі жайында да жан-жақты түсінік берді. Бұл жүйе ақпарат пен деректердің талдауын жедел көрсетуге, әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштердің үдерісін саралауға, модельдеуге және болжауға арналған. Осы “Талдау” жүйесіне 2 мыңға жуық статистикалық көрсеткіш енгізілген.
Одан кейін департамент маманы Индира Нұрғалиева жиналғандарға on-line режімі бойынша жедел статистикалық есептерді толтыру және тапсыру үдерісіне түсінік берді. Кездесудің соңында “Ашық есік күніне” қатысушылар осындағы статистикалық деректердің жарияланымдарымен танысты.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp