«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

МАМАНДЫҒЫН МҮЛТІКСІЗ МЕҢГЕРГЕН

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Гүлгүл ҚУАТҚЫЗЫ,

“Солтүстік Қазақстан”.

Марат Қалимолдин өңіріміздің іргелі кәсіпорны – “ЗИКСТО” акционерлік қоғамында алтыншы жыл еңбек етеді. Тұрақты жұмыс орнын тауып, өзінің көңіліне жағатын темір ұстасы мамандығын таңдаған ол аз жылдың ішінде жүк вагондарын жасауға әбден бейімделіп алған. Ол жұмыс істейтін 118-ші цех – зауыттың ең бір өнімді бөлігі. “Бір жеңнен – қол, бір жағадан бас шығарып”, ұйымшылдықпен жұмыс атқаратын бұл цехтың жұмысшылары күнделікті жоспарды артығымен орындайды. Атқарған еңбектеріне қарай табыстары да жақсы.
Бірнеше тонналық вагондардың үлкен қосалқы бөлшектері мен тетіктерін бір-біріне темірді балқыту арқылы жалғастыру – Марат Қалимолдин сияқты білікті маманның қолынан ғана келетін іс. Өнімнің сапасы жоғары болу үшін темірдің әр бөлігі мұқият жапсырылады. Жас кезінде Петропавл қаласындағы механикалық техникумды бітіріп, бүгінде тәжірибесі мен біліктілігі жоғары бағаланатын төртінші разрядтағы темір ұстасының жұмысына сын айтатын адам кемде-кем.
СУРЕТТЕ: темір ұстасы Марат Қалимолдин.
Суретті түсірген
Талғат ТӘНІБАЕВ.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp