«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҚҰТҚАРУ ҚЫЗМЕТІНІҢ ЖАҢА БАСШЫСЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облыстық төтенше жағдайлар департаменті бастығының міндетін атқарушы Әсет Ысмағұлов суда құтқару қызметінің жеке құрамына жаңа басшыны таныстырды.
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің бұйрығымен “ҚР ТЖМ СҚО ТЖД Суда құтқару қызметі” ММ бастығы лауазымына Виктор Держанский тағайындалды. Виктор Николаевич бұған дейін суда құтқару қызметінде сүңгуір-құтқарушы болып жұмыс істеген.
Таныстыру барысында Әсет Ысмағұлов жаңа басшының тәжірибесі мол, ұжымда беделді екенін және бірнеше мәрте құтқару операцияларына қатысқандығын атап өтті.
“ҚР ТЖМ СҚО ТЖД Суда құтқару қызметі” ММ.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp