Ирина ВАСИЛЬЕВА,
кәсіпкерлікті қолдау орталығының кеңесшісі.
Ауылдық жерде жұмыс істейтін әрбір кәсіпкердің банктен бизнесіне, тіпті, бір рет болса да кредит алуға талпыныс жасаған кезінде алатын кредитін кепілмен қамтамасыз ету үшін тығырыққа тірелетіні анық. 2010 жылдан, “Бизнестің жол картасы – 2020” бағдарламасын жүзеге асыру басталған сәттен бері бұл қиындық алынбайтын қамал болудан қалды.
Жеткілікті кепілдік қамтамасыз ету болмаған жағдайда, қажетті қаржыландыру сомасын алуға байланысты мәселені қалай шешу керек? Қазір қандай кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау қаржылық бағдарламалары жұмыс істейді? Оларға қандай банктер қатысады? “Бизнестің жол картасы – 2020” бағдарламасына қалай қатысуға болады? Осы және басқа да көптеген сұрақтарға Қызылжар ауданының кәсіпкерлері аудандық кәсіпкерлік бөлімі мен “Даму” кәсіпкерлікті қолдау қоры” АҚ-ы республикалық қорының жанында жұмыс істейтін кәсіпкерлікті қолдау орталығының кеңесшілері И.Васильева мен Д.Хасанова өткізген ақпараттық семинарда жауаптар алды.
Ауданның бизнес-ортасы өкілдерімен мүдделі әңгіме өрбіді, аталмыш шара барысында кәсіпкерлерде “Бизнестің жол картасы – 2020” бағдарламасына қатысу шарттары жөнінде, сол сияқты 3 миллион теңгеге дейінгі көлемде грант алуға бизнес жобалары байқауына қатысу шарттары бойынша сұрақтар туындады.
Көпшілігі тек қазір “Бизнестің жол картасы – 2020” бағдарламасы жүзеге асырыла бастаған сәттен бері 2 жылға жуық уақыт өткен соң ғана оның бағыттары мен мүмкіндіктерін түсіне бастады және енді өз бизнестерін кеңейту мен дамыту үшін аталмыш бағдарламаға қатысу мүмкіндігін қарастыруда.
Кәсіпкерлікті қолдау орталығының кеңесшілері кездесуге қатысушыларды “Даму” қорының қаржылық бағдарламаларымен жан-жақты таныстырды. Қайта өңдеу саласындағыларды банктің сыйақы ставкасы 8 пайыздан асырылмайтын “Даму – Өндіріс” өңдеу саласында жұмыс істейтін кәсіпкерлерді несиелеу бағдарламасы және бұл кредиттерді “Бизнестің жол картасы – 2020” бағдарламасы аясындағы арзандату мүмкіндігі өте қызықтырды.
Шараның алдымен ауылдық жерден шыққан бизнес өкілдеріне бағдарланғанын ескере отырып, кеңесшілер басты назарды кәсіпкерлердің банктен кредит алуы үшін кепілдік қамтылуы жетімсіз болған жағдайда “Даму” қоры кепілдігін алу мүмкіндігіне аударды.
Бұл кәсіпкерлікті қолдау орталығының облыстың аудан орталықтарына бірінші рет шығуы емес, оларда орталық кеңесшілері кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау мәселелері бойынша аудандар кәсіпкерлері үшін ақпараттық кездесулер, семинарлар және жеке кеңес берулер өткізеді. Аталмыш шаралар тегін жүргізіледі, орталық мамандары мемлекеттік және орыс тілдерінде кеңес береді.
Кәсіпкерлікті қолдау орталығына мына телефондар бойынша хабарласуға болады: 36-39-79, 46-57-74, және on-line режімінде cpp sko@mail.ru мекенжайы бойынша, сондай-ақ біздің кеңесшілерімізді мына мекенжайдан табасыздар: Петропавл қаласы, Ы.Алтынсарин көшесі, 168-б, каб.108 және М.Жұмабаев көшесі, 109, каб. 602 (СҚМУ ауданы, 6-корпус).