«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

“БУРАБАЙ”

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Тоқтар ЗІКІРИН.

Бақ мекенін тапқанда тым қолайлы,

Елін сүйген ерлері ту қадайды.
Қазақтың маңдайының бағы бар ғой,
Бауырына басқан сұлу Бурабайды.

Табиғаттың көркемі-ай Тәңір берген,
Жер-жұмағы сияқты өмірге енген.
Асқақтап өр көңілдің күмбезіндей,
Оқжетпес көз тартады көрінгеннен.
Қарағай көл жағасы қалың өскен,
Самсаған сан қазақтың қолы дескен.
Аңыздай айтылмаса бұл Бурабай,
Қазіргі кейпін осы танымас та ем.

Айдыны мөлдіреген жақұт көлім,
Өзіңнен сезінеміз уақыт демін.
Оқжетпестей көк тірер күмбезің бар,
Бурабайым, сен неткен бақытты едің!

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp