Елімізде 1998 жылғы қаңтардан бастап ынтымақты зейнетақы жүйесінен жинақтаушы зейнетақы жүйесіне көшу жүзеге асырылды, мұның негізгі себебі халқымыздың тұрмысын жақсарту болды.
Кемеңгер ӘМРИН,
“Зейнетақы төлеу мемлекеттік орталығы”
облыстық филиалының директоры.
Зейнетақы реформасы Қазақстанда азаматтарды зейнетақымен қамсыздандыру туралы 1997 жылғы 20 маусымдағы заңға сәйкес жүргізілді. Сол жылы Үкіметтің 1997 жылғы 4 маусымдағы №926 қаулысымен “Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталық” республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны құрылды, кейінірек тамыздың 4-інде “ЗТМО” РМҚК бас директорының бұйрығымен Солтүстік Қазақстан облыстық филиалы құрылды.
Зейнетақы төлеу орталығы күн сайын азаматтардан зейнетақы, жәрдемақы, арнайы жәрдемақы түрлерін ресімдеу үшін тізбе бойынша қажетті құжаттар, әлеуметтік жеке код тағайындауға, жинақтаушы зейнетақы қорларымен шарттар жасау және басқа да әлеуметтік мәселелер бойынша азаматтармен жұмыс жасайды.
Зейнетақы реформасы жүргізілгеннен бастап күні бүгінге дейін зейнетақы мен жәрдемақы мөлшері бір емес, бірнеше рет өсті, бұл – Үкіметтің әлеуметтік салаға айрықша назар аударғанының айғағы.
Орталықтың Солтүстік Қазақстан облыстық филиалы қарамағында Петропавл қалалық төлемдер бөлімі, 13 ауданда бөлімшелері бар. Ай сайын зейнетақы мен жәрдемақы алушылардың саны 276533 мыңнан астам болды, ал төлем көлемі 4,4 миллиард теңгені құрады. Халыққа қызмет көрсету “Бір терезе” әдісімен жүргізіледі.
Зейнетақы реформасына дейін орталықтан зейнетақы ғана төленсе, бүгінгі күні зейнетақы мен жәрдемақы, арнайы жәрдемақы, тағы басқа төлемақы түрлерінің саны 41-ге жетті.
Зейнетақы жүйесінде мемлекеттік бюджет қаражатынан бөлінетін зейнетақы, жәрдемақы және басқа да әлеуметтік төлемдерді уақытында төлеу орталықта іске асырылды. Орталық деректер базасы жасалды.
Алғашқы жылдары қағаз жұмысының бәрі қолмен істелсе, бүгінгі күндері жаңа техниканың арқасында істеліп жатыр.
Мемлекет тарапынан халыққа әлеуметтік қолдау көрсетілуде, оның нәтижесі – зейнетақы мен жәрдемақының жылма-жыл өсуі.
2012 жылдың қаңтарынан бастап жасына байланысты зейнетақы мөлшері 9 пайызға өсті. Зейнетақының ең төменгі мөлшері 17491 теңгені құрады.
2005 жылдың шілдесінен бастап зейнеткерлерге еңбек өтіліне, жалақысы мен тағайындалған зейнетақы мөлшеріне қарамастан, 3000 теңге көлемінде базалық төлемақы төленіп келсе, оның мөлшері биылғы жылы 8720 теңгеге жеткізілді, яғни күнкөріс мөлшерінің 50 пайызын құрайды (17439*50).
Зейнетақыны есептеу үшін ескерілетін табысты шектеу 15 айлық есептеу көрсеткішінен 39 айлық есептік көрсеткішке жеткізілді.
Зейнетақының жоғары шектелген мөлшері – биылғы жылы 47327 теңге, яғни 63102 шектелген жалақының (1618*39 АЕК) 75 пайызы.
Барлық жәрдемақы, арнайы жәрдемақы алушылардың, яғни асыраушысынан айрылған, барлық топтағы мүгедектердің жәрдемақы мөлшерлері де айлық есептік көрсеткіш пен күнкөріс минимумының өзгеруіне байланысты қаралады.
Сонымен бірге №1-2 тізімдер бойынша жерастында ашық таукен жұмысында, денсаулыққа зиянды және аса ауыр жұмыста істегендерге төленетін жәрдемақы мөлшері де көбейтілді.
Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен соғысқа қатысушылардың арнайы жәрдемақылары 24720 теңгеге дейін көтерілді.
Қарамағында 18 жасқа дейін төрт және одан да көп балалары бар аналардың арнайы жәрдемақылары 6428 теңгеге дейін жеткізілді.
“Алтын” және “Күміс” алқамен, бұрын берілген “Ардақты ана” белгілерімен марапатталған аналарға төленетін арнайы жәрдемақы 9888 теңгеге өсті.
2009 жылдың қаңтарынан бастап қарамағында 18 жасқа толмаған мүгедек балалары бар азаматтарға ай сайын 14952 теңге төменгі айлық мөлшерінде жәрдемақы төленіп келеді, оның мөлшері 2012 жылы 17439 теңгені құрады.
Нәрестенің дүниеге келуіне байланысты төленетін біржолғы төлемақы 2003 жылдан төленіп келсе, оның мөлшері 1-2-3 балаға 2003 жылы 13080 теңгені құраса, бүгінгі күні 48540 теңгеге жеткізілді, төрт және одан да көп бала туған жағдайда төленетін біржолғы төлемақы мөлшері 80900 теңгеге көтерілді.
Нәрестені бір жасқа дейін күтуге байланысты төленетін ай сайынғы мемлекет тарапынан төленетін төлемақы 2006 жылдан төленіп келсе, оның мөлшері жылмажыл арттырылды.
2005 жылдың қаңтарынан міндетті әлеуметтік сақтандыру қоры туралы заң күшіне енді. Осы қордан жұмыс істейтін азаматтарға жұмыс беруші әлеуметтік аударымдар жүргізген кезеңде, қауіп-қатер туған, еңбек ету қабілетінен айрылған, асыраушысынан айрылған, жұмысынан айрылған жағдайларда әлеуметтік төлем төленіп келеді. 2008 жылы аталған заңға толықтыру енгізіліп, әлеуметтік сақтандыру жүйесінің қатысушысы болған жұмыс істейтін әйелдерге жүктілігі мен босануына байланысты, еңбекке жарамсыздық парағының төлемақысы осы қордан төленіп келеді. Соның өзінде әйелдің декреттік және бір жасқа дейінгі бала күтімі бойынша демалыс кезеңінде зейнетақы жарналары жинақтаушы зейнетақы қорына аударылып отырады.
Осының бәрі зейнеткерлерге, ана мен балаға, мүгедектерге мемлекет тарапынан берілген қолдау деп саналуы тиіс.
Бастапқы кезде зейнетақы мен жәрдемақы төлеу бойынша қызмет көрсету “Қазпошта” АҚ арқылы ғана жүргізілсе, бүгінгі күні банктермен шарт жасалған, сондықтан зейнеткерлер мен жәрдемақы алушылар өздеріне қолайлы жағдайды таңдау құқығын пайдаланады. Зейнетақы мен жәрдемақыны банкінің пластикалық карточкалары арқылы ала алады.
Зейнеткерлерге зейнетақы мен жәрдемақы уақытында ағымдағы айға кешіктірусіз төленеді.
Республикада зейнетақымен қамсыздандырудың ынтымақтастық және жинақтаушы жүйелері жұмыс істейді. Төлемдерді тағайындау мен есепке алуды ұйымдастырудың қазіргі заманғы әдісін енгізу әлеуметтік төлемдер серпінінің өсуімен сипатталады.
ЗТМО-ның ақпараттық дамуының келешегі:
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 19 қазандағы №1080 қаулысына сәйкес 2012-2013 жылдар ішінде қызметті электрондық түрде көрсету жоспарланып отыр, яғни біздің болашақ төлем алушылар өздерінің өтініштерін және құжаттар пакетін ғаламтор арқылы бере алады.
2012 жылы:
1. Бала тууға және бала күту бойынша жәрдемақы тағайындау.
2. Медициналық-әлеуметтік сараптаманы өткізу және мүгедектігі бойынша МӘСҚ-дан әлеуметтік төлемдерді, мемлекеттік-әлеуметтік жәрдемақы, арнайы мемлекеттік жәрдемақы тағайындау.
3. Арнайы мемлекеттік жәрдемақы тағайындау (көпбалалы отбасы, алтын, күміс алқа иелері).
4. Жұмысынан айрылу жағдайына байланысты әлеуметтік төлемдерді тағайындау.
5. Базалық зейнетақы төлемдерін тағайындау.
2013 жылы:
1. Зейнетақы төлемдерін тағайындау.
2. Асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша және ААЖ бойынша әлеуметтік қатер туғанда мемлекеттік жәрдемақы тағайындау.
3. №1 және №2 тізімдер бойынша мемлекеттік-әлеуметтік жәрдемақы.
Сонымен қатар осы жетістіктерге халықпен бірге қол жеткізген еңбектің арқасында “Қазақстан Республикасындағы кәсіптік және басқа мерекелер туралы” “Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 20 қаңтардағы №3827 Жарлығына өзгеріс енгізу туралы” Қазақстан Рес-публикасы Президентінің 2011 жылғы 20 қазандағы №164 Жарлығына сәйкес қазан айының соңғы жексенбісі әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлерінің күні болып белгіленді.