«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЖАНАШЫР ЖАНДАР МЕРЕКЕСІ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Жанахмет ТАСШЫҒҰЛОВ,
СҚО бойынша бақылау және әлеуметтік қорғау
жөніндегі департаменттің директоры.

Елбасы Нұрсұлтан На-зарбаевтың 2012 жылғы 27 қаңтардағы “Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты” атты Жолдауында: “Қазақстан жолының жаңа кезеңі – экономиканы нығайтудың, халықтың әл-ауқатын арттырудың жаңа міндеттері. Қазақстан үшін экономикалық табыстар мен қоғамдық игіліктерді қамтамасыз етудің оңтайлы теңгерімін табу – өңірлік маңызды нәрсе”, – делінген. Президенттің салиқалы саясатының арқасында Қазақстан Тәуелсіздік жылдарында мемлекеттік құрылыста, әлеуметтік-экономикалық дамуда жоғары нәтижелерге қол жеткізді. Елімізде жүргізіліп жатқан қайта құрудың арқасында тұрғындарды әлеуметтік қорғау мәселесі жетекші маңызға ие. Ол әр азаматтың және тұтастай қоғамның мүдделерін қозғайды.

Бүгінде Қазақстан тұрғындардың әлеуметтік қорғалуының жоғары деңгейде болуына бағдар ұстанып отыр.
Қазақстанда әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлерінің күні Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 20 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Президентінің №3827 Жарлығына өзгертулер енгізу туралы 2011 жылғы 20 қазанда қол қойған “Қазақстан Республикасындағы кәсіптік және өзге де мерекелер туралы” №164 Жарлығы негізінде алғаш рет аталып өтіледі. Қазанның соңғы жексенбісі мереке болып саналады.
Әлеуметтік қызметшілер күні – адамдардың қиындықтарын алдымен қабылдайтын және сол мәселелерді мүмкіндігінше шешу үшін шаралар қолдануға көмектесетін жандардың мерекесі. Бұл – аз қамтылған азаматтардың, зейнеткерлер мен мүгедектердің мәселелеріне жанашырлық танытатын адамдар.
Қоғамымыздағы әлеуметтік жағынан әлжуаз топтағы жандардың мәселелеріне немқұрайды қарамай, оның шешілуіне бақылау жасап, көмек көрсетіп отыратын біздің департамент қызметкерлері тұңғыш рет өзінің кәсіптік мерекесін атап өтпекші.
Департамент Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 28 желтоқсандағы №1920 қаулысына сәйкес құрылған болатын. Оның негізгі жұмысы азаматтардың еңбек етуге конституциялық құқығының жүзеге асуына, қартайған шағында зейнетақымен қамтамасыз етілуіне, асыраушысынан айрылған және еңбекке жарамсыз болып қалған жағдайда әлеуметтік көмек көрсетуге мемлекеттік бақылау жасау болып табылады.
Департаментте негізгі үш бағыт: еңбек заңнамаларын сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, медициналық-әлеуметтік сараптама бойынша 54 қызметкер жұмыс істейді.
Еңбек заңнамаларын сақтауды бақылау саласында еңбек қатынастары қарастырылып, өндірістегі жазым жағдайларға тексеру жүргізіледі. Кәсіпорындарда жұмыс істейтін азаматтар мен мүгедектердің құқықтарының әлеуметтік қорғалуының сақталуы қамтамасыз етіледі.
Әлеуметтік қамсыздандыру саласы бойынша арнайы мемлекеттік жәрдемақылар мен әлеуметтік сақтандыру қорынан мүгедектікке, асыраушысынан айрылуына, жасына байланысты әлеуметтік төлем түрлері тағайындалады.
Медициналық-әлеуметтік сараптама саласында науқастар мен мүгедектерге куәлік беріледі, жеке сауықтыру бағдарламалары жасалып, олардың орындалуына бақылау жүргізіледі.
Жұмыс істей бастаған 11 жылдың ішінде департаментте қолданыстағы заңнамаларды бұлжытпай сақтау және тәлімгерлік дәстүр қалыптасқан.
Ақпараттық жүйелердің тез қарқынмен дамуына байланысты департамент жұмысының жақсы көрсеткіштерге жетуі және қызметтің жемістілігі үшін әлеуметтік-инновациялық технологиялар енгізілген. Ол жаңашылдықтарға “Еңбекті қорғау және қауіпсіздік” автоматтандырылған ақпараттық жүйесі, “Мүгедектігі бар тұлғалардың орталықтандырылған мәлімет банкі”, “Е-макеті”, “Әлеуметтік сақтандырудың мемлекеттік қоры”, “Тұлғалар жүгінімдерінің бірыңғай есебі” жатады.
Бұл технологиялар жұмыстың сапасы мен жеделдігін, қолданылатын шешімнің ашықтығы мен қолжетімділігін жақсартуға жол ашады. Осының барлығы қазіргі кезеңде департамент алдында тұрған міндеттерді сапалы және уақытымен атқаруға мүмкіндік береді.
Барлық әлеуметтік қызметкерлерді кәсіптік мерекемен шын жүректен құттықтаймыз! Сіздерге денсаулық, адамдар үшін өте қажет, қызығынан қиындығы мол еңбекте шыдамдылық пен шығармашылық табыстар тілейміз.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp