«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

КҮЛСЕ, КӘРІ КҮЛСІН!..

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Болат ҚОЖАХМЕТОВ,
“Солтүстік Қазақстан”.

Шіркін, қала қарияларының күлкісі қандай әдемі: сабада әбден шайқалған қымыздай тығынын атып жіберердей булығады келіп! Рас, қоғамдық орында отырғандықтан, мәдениеттіліктен жаңылмайды: ауыздарын арандай ашып, “а-ха-ха” деп ақтарылмайды. Есесіне күлкі ауыздан емес, көзден шығады: шұбырған жасқа ие бола алмай, орамалын қалтасынан он рет алады, он рет салады. Жас кездегідей иықтары селкілдеп күлмесе де, жан рахат табады бір…
Алдыңгүні С.Мұқанов атындағы облыстық қазақ сазды-драма театрының “Дөкей келе жатыр” деген спектаклін тамашалаған кілең ардагерлер осындай күй кешті. Саябақтағы “Қисық айна” сияқты емес, бұл күлкіге ешкім ақы-пұл алған жоқ: қарттарды қолдау айлығына театр осындай үлес қосты. Осыдан 30-40 жыл бұрын жазылған Сафуан ағамыздың бұл туындысы ескірмеген екен: бәрі де бүгінгінің кейіпкерлері болып көрінеді. Оларды кескіндеу барысында бәрімізді күлкіге кенелткен Кенже мен Мақсат Ақжоловтар бастаған және оларды үйлесімді қостаған жас әртістерге қайта-қайта қол соғумен болдық…
Спектакльден соң облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ескендір Елеусізов театр ұжымына көрермендер атынан алғысын білдірді.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp