Құрметті солтүстікқазақстандық мұсылмандар!
Қасиетті мереке – Құрбан айт құтты болсын!
Бұл – қайырымдылық, ізгілік, аяушылық сияқты ең жоғары адамгершілік құндылықтарды бейнелейтін, біздің биік жалпыадамзаттық мұраттарға шынайы берілгендігімізді айғақтайтын айтулы мұсылман мерекелерінің бірі. Бұл мұраттарды мақсат тұту адамдарды ізгі істерге бастайды, қоғамдағы бірлік пен келісімді нығайтуға ықпалын тигізеді.
Құрбан айт қазақстандықтардың асқан бай рухани мұрасының ажырамас бөлігі болып табылады, әлемдегі ең бейбіт діндердің бірі – исламда бар шынайы жасампаздық пен рухани жаңғырудың негіздерін өз бойына сіңірген.
Исламның нағыз құндылықтары бізге Тәуелсіздік алғаннан кейін қайтып оралды және халқымыздың рухани дамуында маңызды рөл атқарады.
Қазақстанда Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың сындарлы және дәйекті саясатының арқасында барлық этностар мен конфессиялар арасында татулық пен келісім орнаған. Қазақстанның бастамасымен үш жыл сайын еліміздің астанасында Әлемдік және дәстүрлі діндердің съездері өтеді, олар барлық конфессиялар үшін басты үн қатысу алаңына айналды.
Қазақстан күшті, серпінді дамыған экономикасы, тұрақты қоғамдық-саяси жүйесі бар ел ретінде халықаралық қоғамдастықтың лайықты бағасын алды.
Біздің елдің Ислам ынтымақтастығы ұйымына табысты төрағалық етуі және осы беделді халықаралық ұйымның Астана декларациясының қабылдануы оның айқын дәлелі бола алады. Президентіміз – Елбасы Н.Ә.Назарбаев әлемдегі ең беделді мұсылман саясаткерлерінің қатарына еніп отыр.
Барлық конфессия өкілдерінің толеранттылық пен діни-адамгершілік жетілудің, ғасырлық дәстүрлерге құнтты да құрметпен қараудың мызғымас қағидаттарынан айнымауы алдағы уақытта да халқымыздың топтасуына, елдегі бірлік пен тұрақтылықтың нығаюына ықпал ететініне сенемін.
Барлық ізгі ұмтылыстарымыз бен армандарымыз жүзеге асып, бұл жарқын мереке әр үйге тыныштық пен қуаныш әкеліп, әр мұсылманның жүрегін ізгілік шуағына толтыра берсін!
Сіздерге татулық, жақсылық пен құтбереке тілеймін!
Серік БІЛӘЛОВ,
Солтүстік Қазақстан облысының әкімі.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp
Соңғы жаңалықтар
- 13.11.2024
- 1 қаралым
- 13.11.2024
- 0 қаралым
- 13.11.2024
- 3 қаралым
- 13.11.2024
- 1 қаралым
- 13.11.2024
- 0 қаралым