Біздің егемен елімізде Құрбан айт бүкілхалықтық мерекеге айналды. Бұрын оны мұсылмандар ғана тойлап келсе, енді оның алғашқы күні діни мейрам ретінде ел көлемінде атап өтіледі. Бұл – Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың асыл дініміздің өркендеуіне жасап отырған зор қамқорлығы.
Құрбан айттың тарихы сонау Ибраһим (ғ.с.) пайғамбардан бастау алады. Содан бері ұрпақтан-ұрпаққа жалғаса келіп, ардақты да соңғы пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафа (с.ғ.с.) өмір сүрген қиындығы мол болса да алтын ғасырға теңелетін заманда мұсылмандардың ұлық мерекелерінің біріне айналды. Сөйтіп, жер шарын мекендеген барлық мұсылман жұртшылығы осы айтулы мерекені жыл сайын тойлап келеді.
Бір қуанарлығы – мұсылмандықтың бес парызын орындап, имандылыққа бет бұрушылар, намаз оқушылар, құрбан шалушылар, зекет берушілер, қажылық сапарға шығушылар саны артып келеді. Биыл да өңірімізден ондаған адам өздерінің бесінші парызын өтеуге Мекке мен Мәдинаға сапарға аттанып кетті.
Ардақты Мұхаммед пайғамбарымыз (с.ғ.с.) хадис-шәріптерінің бірінде: “Адам баласы Құрбан айт күнінде (құрбан шалып) қан ағызудан да абзал басқа іспен Алла тағалаға жақындаған емес” деп айтса, енді бір хадисінде: “Кімде-кім мүмкіншілігі бола тұра құрбан шалмаса, біздің намаз оқитын жерімізге жақындамасын”, деп ескерту жасаған. Құрбан шалу айттың бірінші күні Айт намазынан кейін басталып, айттың үшінші күні ақшамға аз уақыт қалғанға дейін жалғасады.
Жағдайы келгендердің бәрі құрбан шалып, оның етін тұрмысы нашарларға таратса, бұрын әлдебір жағдаймен араздасып жүрген адамдар бір-біріне кешірім жасаса, халқымыздың арасында ауызбіршілік пен сыйластық одан әрі нығая түсер еді. Айт намазынан кейін үйді-үйлерді аралап, дастарқаннан дәм татып, марқұмдарға аят оқу да сауапты іс. Баршамыздың шалған құрбандықтарымыз сауаптан болсын, елімізге тыныштық, әр отбасыға береке, бірлік тілеймін! Ұлық мереке құтты болсын!
Қасымхан АБДУЛЛАҰЛЫ,
“Қызылжар” мешітінің бас имамы.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp
Соңғы жаңалықтар
- 21.12.2024
- 5 қаралым
- 21.12.2024
- 10 қаралым
- 21.12.2024
- 7 қаралым
- 21.12.2024
- 4 қаралым
- 21.12.2024
- 1 қаралым