«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ОҚУШЫЛАРДЫҢ ҒЫЛЫМИ ҚОҒАМЫ ҚҰРЫЛДЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облыстық білім беру саласындағы әдістемелік жұмыс және ақпараттық технологиялар орталығының бастамасымен өңірімізде психология және әлеуметтік педагогика мәселелерін зерттеу жұмысымен айналысатын оқушылардың ғылыми қоғамы құрылды. Ол еліміз бойынша бұл саланы зерттеумен айналысатын алғашқы қоғам болып табылады. 

Ләйла ЖАНЫСОВА,
“Солтүстік Қазақстан”.

Оқушылардың ғылыми қоғамының (ОҒҚ) жұмысына облыстық білім беру саласындағы әдіс-темелік жұмыс және ақпараттық технологиялар орталығының әдіскерлері, ОҒҚ құрамына енген білім беру мекемелерінің психологтері мен әлеуметтік педагогтері басшылық жасайды.
Облыс оқушыларының ғылыми қоғамы – мектеп оқушыларының ерікті бірлестігі. Оны құрудағы мақсат – ғылым, психология және әлеуметтік педагогиканың түрлі салаларын тереңірек тануға ұмтылған оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту.
– Оқушылардың ғылыми қоғамы облыстағы білім беру мекемелерінің 7-11-сынып оқушыларынан құралған. Олар өздерінің алдына оқу үдерісі және зерттеу әрекетінде жеке шығармашылық қабілеттері мен икемділіктерін дамыту, ғылыми ізде-ніс әдістерімен танысу, психология және әлеуметтік педагогика жөніндегі ғылыми білімдерін жетілдіру, кәсіптік бейімдерін айқындау міндетін қойып отыр, – дейді әдістемелік жұмыс және ақпараттық технологиялар орталығының әлеуметтік-психологиялық қызметінің әдіскері Резеда Баймұхамбетова.
Оқушылардың ғылыми қоғамы “Мен және менің мектебім”, “Мен және менің қызығушылығым”, “Мен және менің болашағым”, “Мен және менің отбасым”, “Мен және басқалар”, “Танысуға рұқсат етіңіз: Мен”, “Мен қиындықты қалай жеңемін” бағыттарында жұмыс істейді.
2012 жылдың 14 желтоқсанында ғылыми жобалардың облыстық сайысы өтеді. Оған 42 оқушыдан өтініш түсті.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp