Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі (қаржы полициясы) төрағасының бұйрығымен Солтүстік Қазақстан облысы бойынша экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаменті (қаржы полициясы) бастығы лауазымына қаржы полициясының полковнигі Нұрлан Аманкелдіұлы Шабдар тағайындалды.
Нұрлан Аманкелдіұлы 1974 жылы Алматы облысында дүниеге келген.
1996 жылы – әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін (заңгер), 2005 жылы – Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университетін (экономист) тамамдаған.
1996-2003 жылдар аралығында ішкі істер органдарында қызмет атқарған.
2003-2010 жылдар аралығында және 2012 жылдың ақпан айынан қаржы полициясы органдарында түрлі басшылық қызметтер атқарған.
Сонымен қатар Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты төрағасының кеңесшісі, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің кеңесшісі лауазымдарында қызмет атқарған.
Заң ғылымының кандидаты.
СҚО бойынша экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің (қаржы полициясы) баспасөз қызметі.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp
Соңғы жаңалықтар
- 21.12.2024
- 5 қаралым
- 21.12.2024
- 10 қаралым
- 21.12.2024
- 7 қаралым
- 21.12.2024
- 4 қаралым
- 21.12.2024
- 1 қаралым