«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҮЛГІЛІ КАБИНЕТТЕР КОНКУРСЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Оқу-тәрбие үдерісінің тиімділігін арттыру мақсатында “Психологтің үлгілі кабинеті” және “Әлеуметтік педагогтің үлгілі кабинеті” конкурсы өтті. Онда психолог және әлеуметтік педагогтер кабинеттерінің талаптарға сай жабдықталуы және өңіріміздің білім беру саласында еңбек етіп жүрген талантты психологтері мен әлеуметтік педагогтері анықталды. 

Ләйла ЖАНЫСОВА,
“Солтүстік Қазақстан”.

“Психологтің үлгілі кабинеті” конкурсына қатысқан орыс тілінде білім беретін мекемелер арасында 1-орынды Петропавл қаласындағы №26 мектеп-балабақшаның психологиялық кабинеті иеленді. 2-орынды Но-вокаменка орта мектебі мен Саумалкөл №1 орта мектебі бөлісті. 3-орын Петропавлдағы №17 ұлттық өркендеу орта мектеп-кешені мен Қызылжар ауданындағы Кондратовка орта мектебіне тиесілі болды.
Қазақ тілінде білім беретін мекемелер арасында “Психологтің үлгілі кабинеті” атағына Әбу Досмұхамбетов атындағы облыстық дарынды балаларға мамандандырылған гимназия-интернат иеленіп, оларға 1-орын берілді. 2-ші орынды Қызылжар ауданының “Парасат” мектеп-лицейі және Айыртау ауданындағы Саумалкөл қазақ мектеп-интернаты еншіледі. 3-орын Петропавл қаласындағы қазақ мектеп-гимназиясы мен Жаңаауыл орта мектебіне бұйырды.
“Әлеуметтік педагогтің үлгілі кабинеті” конкурсында 1-орынды Петропавл қаласындағы №26 мектеп-балабақша мен Ақжар ауданының Ленинград №2 орта мектебі иеленді. 2-орын Петропавл қаласындағы №12 мектепке берілді. 3-орынды Саумалкөл орта мектебі жеңіп алды.
Облыстық білім беру саласындағы әдістемелік жұмыс және ақпараттық технологиялар орталығының бастамасымен ұйымдастырылған конкурс барысында қатысушылар әріптестерінің жетістіктерімен бөлісіп, кабинет жабдықтау кезінде ескерілетін жайттармен танысты.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp