«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

“САЙЫПҚЫРАНДАР” АТТАРЫНА САЙ ЕКЕН

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Айнагүл ҚАБДІЛМАНҚЫЗЫ,
журналист.

Өткен аптада Шал ақын ауданының орталығында “Солтүстік жастары” қоғамдық бірлестігінің, аудандық ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімдерінің ұйымдастыруымен көңілді және тапқырлар клубының фестивалі өтті. Оған ауылдық округтер мен Сергеевка қаласының мектеп оқушыларынан құрамдалған бес команда қатысты. Онда аудан әкімінің кубогы жүлдеге тігілді.
Фестивальда жоспарланған “Біздің Отанымыз – Қазақстан, мемлекеттік тіліміз – қазақ тілі” атты ойын додасында сайыскерлер мемлекеттік тілдің жетік меңгерілуі тақырыбында өз көзқарастары мен ұстанымдарын ортаға салды. М.Ахметбеков атындағы орта мектептің “Сайыпқырандар” тобы өздерінің әзіл-қалжыңдарында өткірлік танытып, сахна мәдениеттерінің жоғарылығын көрсетті. Сахнаға киген киімдері де үлкен талғаммен тіктірілген екен. Ғ. Малдыбаев атындағы Жаңажол орта мектебінің “Ұлдар емес” тобы сахналық қойылымдарды шеберлікпен орындап, көрермендерді күлкіге кенелтті. Ал қазақ тірек ортамектеп интернатының “Қалай болса, солай” құрамасының мүшелері де жұртшылық алдында өздерін еркін сезініп, шебер ойындарымен көрермендердің көңілінен шықты. Сондай-ақ Социал негізгі мектебінің “Социал-старс” тобының, Кеңес орта мектебінің “Шапағат” командасының да өнері үлкен ықыласпен тамашаланды.
Қазылар алқасы фестивальды қорытындылау кезінде ойыншылардың сахнада өз-өздерін ұстау мәнеріне, әртістік шеберліктеріне, тілге шешендіктеріне үлкен мән берді. Аудан әкімінің кубогы М.Ахметбеков атындағы орта мектептің “Сайыпқырандар” құрамасына берілді. Екінші орын “Қалай болса, солай” тобына бұйырса, үшінші жүлделі орынды “Ұлдар емес” командасы жеңіп алды. Ал “Социал-старс” және “Шапағат” топтары әзіл кешіне белсенді қатысқандары үшін қолдау сыйлықтарына ие болды.
Шал ақын ауданы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp