«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

“АВАНГАРД” – КУБОК ИЕГЕРІ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облыс орталығындағы “Жастар” стадионында Петропавл қаласының кубогы үшін футбол додасы ұйымдастырылды.
Жарысқа “Авангард”, “Спартак”, “Әділет”, футбол ардагерлері құрамасы, Аққайың ауданының, “Қарасай”, “Тамерлан” және “Тамас” командалары – барлығы 8 команда сынға түсті.
Олимпиадалық жүйе бойынша өткен додада жеңілген командалар сыртқа бірте-бірте ығысып, нәтижесінде барлық қарсыластарын тізе бүктірген “Авангард” құрамасы қала кубогын иеленді. Финалдық ойында “Авангард” командасына есе жіберіп алған “Петропавл ауыр машина жасау зауыты” АҚ мамандарынан жасақталған “Спартак” құрама командасы екінші орынды еншіледі.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp