Нұрислам ҒАБДУЛЛИН,
облыстық дін істері жөніндегі департаменттің директоры.
2011 жылдың 11 қазанында Қазақстан Республикасының “Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы” Заңы шықты, оның талаптарына сәйкес 2012 жылғы 24 қазанға дейін Қазақстанның діни бірлестіктері өздерінің құрылтайшылық құжаттарына сәйкесінше өзгерістер енгізуге тиісті болды. Онымен бірге тіркеуші органдарға діни бірлестіктің мәртебесін растайтын құжаттар тапсырылады.
Облыстың әділет органдарында 73 діни бірлестік тіркелді. Соның ішінде исламнан – 2, орыс православие шіркеуінен – 38, рим-католик шіркеуінен – 11, протестантизмнен – 21 және дәстүрлі емес діндерден 1 бірлестік болды.
Заңнамаға сәйкес діни бірлестіктерге мемлекеттік тіркеу және қайта тіркеу жөніндегі барлық тиісті рәсімдерді жүргізуге орындауға боларлықтай жеткілікті мерзім – 2011 жылдың 1 қазанынан бастап тұтас бір жыл берілді.
Аталмыш ортадағы уәкілетті орган ретіндегі дін істері жөніндегі департамент және жергілікті атқарушы органдар жеткілікті кең көлемде ақпараттық және түсінік беру жұмыстарын жүргізді. Барлық бұқаралық ақпарат құралдары – газеттер мен телеарналар арқылы, семинарларда және кездесулерде облыстың діни бірлестіктері басшыларына жаңа заң талаптары түсіндірілді және оларға жергілікті діни бірлестіктерді немесе филиалды басқаруды айқындауға мүмкіндік берілді. Сол сияқты барлық аудандарда тіркеуден өтуге қажетті жарғылық құжаттар пакеті бойынша заңнама талаптарын түсіндірген кездесулер өтті. Діни бірлестіктердің басшыларына тиісті ескертулер жіберілді.
Мемлекеттік тіркеу мен қайта тіркеу рәсімдерін өткізудің қажеттілігін облыстың діни қауымы түсіністікпен қабылдады.
Заң талаптарын орындауды мұсылмандар өкілдері бірінші болып қолға алды. Мысалы, осы жылғы 14 сәуірде Қазақстан мұсылмандарының VІ құрылтайы өтті, онда “Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы” республикалық ислам діни бірлестігін (ҚМДБ) құру туралы шешім қабылданды. Бірлестік жарғысында айқындалғанындай, барлық облыстық, қалалық, аудандық және ауылдық мешіттер филиалдар ретінде ҚМДБ құрамына енеді.
Жалпы облыстың мұсылман қауымы 25 филиалды қайта тіркеуден және 39 филиалды алғашқы тіркеуден өткізді. Осы жылғы қыркүйекте мұсылман қауымының басшылары мемлекеттік тіркелгені туралы куәлік алып үлгерді. Сонымен бірге бүгінде мұсылмандар жергілікті мемлекеттік органдармен келісім бойынша діни салт-дәстүрлерін өткізе алатын орынды (оны “намазхана” деп атауға болады) анықтау жөнінде жұмыс жүргізіп отырғанын айта кеткен жөн.
Діни бірлестіктердің қызмет түрін анықтау олардың орталық басшылығымен келісілетіндігі түсінікті. Орыс православие шіркеуінің митрополиясы Қазақстанда жергілікті діни бірлестіктер құруға шешім қабылдады. Облыста тіркелген 38 бірлестіктің 29-ы қайта тіркеуден өтуге құжаттар тапсырды. Қалған 9 діни бірлестік келушілердің аздығына байланысты жабылады немесе олардың орнына филиалдар құрылады.
Сол сияқты 2011 жылы желтоқсанда облыста Петропавл мен Булаев епархиясы құрылғанымен, олар әлі мемлекеттік тіркеуден өткен жоқ болатын. Әділет органына тапсырылған барлық жарғылық құжаттар Қазақстан Республикасының Дін істері агенттігінің діни сараптамасынан өтіп, Петропавл және Булаев епархиясының епископы Гурий 15 қазанда мемлекеттік тіркеуден өткендігі туралы куәлікті салтанатты жағдайда алды. Осы күні облыстағы барлық православиелік діни бірлестіктер қайта тіркеуден өтуді аяқтады. Қазіргі уақытта соңғы 9 бірлестіктің мәртебесін анықтау және оларды тіркеуден (қайта тіркеуден) өткізу мәселесі ғана қалып отыр.
“Петропавловская церковь полного Евангелия Господа Иисуса Христа”, “Возрождение”, “Агапе”, “Христиан Церкви Божией с Петровка” ДБ сияқты әділет департаментінде тіркеуден өткен 21 протестанттық және дәстүрлі емес діни бірлестік соңғы жылдары жұмыс істеген жоқ және қайта тіркеуден өтуге өтініш берген жоқ. “Новая жизнь” шіркеуінің екі діни бірлестігі де осындай күй кешті. “Вера Бахаи” қауымы діни бірлестігін құру туралы бастама көтеруші-лер де 50 азаматтан тұратын тізім жасай алмады. Бүгінгі күні бұл 7 діни бірлестік жабылудың аз-ақ алдында тұр.
Інжілдік-лютерандық приходтың басшылары заң талабын алғашқылардың бірі болып қолдады. Бұрын облыста олардың 3 филиалы болса, бүгінгі күні жергілікті “Солтүстік Қазақстан облысының Інжілдік-лютерандық приходы” діни бірлестігі мен оның құрамында 2 филиал құрылды, олар да тіркеуден өтті. Інжілдік христиан баптистері мен жетінші күні адвентистерінің жергілікті діни бірлестіктерінің бірқатары қайта тіркеуден өтті.
24 қазанға дейін әділет департаментіне 14 протестанттық діни бірлестіктен өтініш түсті, оның 4-еуі мемлекеттік қайта тіркеуден өткендігі туралы куәлік алды, қалғандары тексеріліп жатыр. Жарғы мен діни әдебиеттерді діни сараптамадан өткізу және бастамашыл азаматтар тізімін тексеру 30 күнтізбелік күнді қажет етеді. Қажет болған жағдайда сараптама тағы бір айға ұзартылады. Мысалы, “Новая жизнь” діни бірлестігінің басшысы жарғылық құжаттарды 10 қыркүйекте тапсырып, 8 қазанда діни сараптамадан теріс қорытынды алды. Олар қажетті құжаттарды қайтадан 23 қазан күні ғана тапсырды. Оған діни сараптама жасау белгілі бір уақытты қажет етеді.
Сөзімнің соңында үстіміздегі жылғы 24 қазанға дейін жарғылық құжаттарын тапсырған және мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік алып үлгермеген діни бірлестіктер өз қызметін жалғастыра беруіне болатындығын еске саламын.
Сонымен бірге діни бірлестіктерді қайта тіркеуден өткізу бойынша жүргізіліп жатқан шара қандай да бір нақты конфессияға қарсы бағытталмағанын атап айтамын. Барлық діни бірлестіктер заң алдында тең. Керісінше, діни бірлестіктерді мемлекеттік тіркеу мен қайта тіркеу мемлекет пен дін арасында туындайтын қатынастарды реттеуді, жарғылық құжаттарды тәртіпке келтіруді, заңдық мәртебені нақтылауды және рәсім мәселелерін шешуді қамтамасыз етеді.
Қолданылып отырған шаралар елдегі діни жағдайды “сауықтыруға” көмектеседі.