Облысымыздағы барлық мұсылмандарды исламның ұлық мерекелерінің бірі – Құрбан айтпен шын жүректен құттықтаймын!
Әрбір мұсылман отбасында мерекелік қуанышпен қатар ынтымақ, ізгілік және сүйіспеншілік рухының салтанат құруын тілеймін!
Қазақстан жерінде мұсылмандар мен православиелік христиандар сан ғасыр бойы тату-тәтті өмір сүруде, өйткені бүгіндері, өкінішке қарай, осызаманғы әлем толы әртүрлі жанжалдар мен шиеленістерден адамды жоғары қоятын татулық, келісім, адамзатты сүю, рақымшылдық, барлығын кешіру, туған-туысқандарға сүйіспеншілік сияқты бірыңғай адамгершілік құндылықтар уағыздалады. Солтүстік Қазақстан облысы Отанымыз бен халқымызға қызмет ету ісінде мұсылмандар мен христиандардың рухани ынтымақтастығының жарқын мысалы болып табылады.
Біз облыс пен қала басшылығының қамқорлығы мен қолдауын сезінудеміз. Православиелік христиандар үшін қуанышты оқиға ретіндегі Петропавл және Булаев епархиясының құрылуы және тіркелуі, сондай-ақ облыстағы барлық православиелік приходтарды қайта тіркеу соның дәлелі болып табылады.
Алдағы уақытта да жалпыға ортақ рухани құндылықтарға бірлесіп ғибадат етуіміз ұлтаралық келісімнің негізі болып табылатынына және қоғамымызды рухани сауықтыруға ықпал ететініне шын ниетпен сенеміз және үміт артамыз.
ГУРИЙ,
Петропавл және Булаев епископы.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp
Соңғы жаңалықтар
- 21.12.2024
- 5 қаралым
- 21.12.2024
- 10 қаралым
- 21.12.2024
- 7 қаралым
- 21.12.2024
- 3 қаралым
- 21.12.2024
- 1 қаралым