Солтүстік Қазақстан облысының дін жолындағы католиктері мұсылман бауырларын және барлық Қазақстанның тұрғындарын ұлы мерекемен шын жүректен құттықтайды. Осы мереке Алла тағалаға деген сенімді нығайтып, өзара түсіністік әкелсін. Біздің жақынға деген жан жүрегіміздің сүйіспеншілік сезімін оятсын. Тату Қазақстанның барлық тұрғындары Алла тағаладан игілік пен бақытқа кенелсін.
Қазақстандағы католиктер Құрбан айт мерекесі қарсаңында, 2012 жылғы 18 қазанда Қазақстанның Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың 1998 жылы 24 қыркүйекте Ватиканда жасалған “Қазақстан Республикасы мен Қасиетті Тақтың арасындағы өзара қарым-қатынастар туралы” келісімді ратификациялағанына өте қуанышты. Бұл Қазақстан мен Ватиканның арасындағы қатынастың маңыздылығын көрсетеді. Католиктер шіркеуі конфессияаралық және халықаралық мәмілелерге байланысты шаралар өткізуде Қазақстанды әрдайым қолдайды және көмектеседі. Қазақстан – бұрынғы Кеңес Одағының Ватиканмен келісімі бар бірінші ел.
Осы келісімнің және Қазақстан Конституциясының арқасында католиктер шіркеуі өз приходтарын тіркеуден өткізуде және алдағы уақытта да барша қазақстандықтардың игілігіне жұмыс істеу мүмкіндігіне ие.
Анджей МИХОНЬ,
облыстағы рим-католик шіркеуі приходының деканы.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp
Соңғы жаңалықтар
- 21.12.2024
- 5 қаралым
- 21.12.2024
- 10 қаралым
- 21.12.2024
- 7 қаралым
- 21.12.2024
- 3 қаралым
- 21.12.2024
- 1 қаралым