Жуырда Шымкент қаласында велоспорттан Қазақстан Республикасының кубогы мен ел чемпионатының төртінші туры өткен болатын. Оған қатысқан Қарағанды, Оңтүстік және Солтүстік Қазақстан облыстарының, Алматы мен Астана қалаларының велошабандоздары командалық, топтық жарыс, сондай-ақ жеке жарыстары бойынша сынға түсті.
Қазақстан Республикасының кубогында аса шиеленісті өткен 120 шақырымдық топтық жарыста облыстық велоспорттан олимпиадалық резервтегі балалар мен жасөспірімдерге мамандандырылған спорт мектебінің өрендері жеңіс тұғырының 3 бірдей жүлделі орнын иемденді. Егер командалық межеде Жандос Бижігітов шеберлігімен ерекшеленіп, бірінші орынды олжаласа, Олег Земляков – екінші, үшінші орынды Тілеген Майдос еншіледі.
Ал ел біріншілігіндегі бәсекенің критериум кезеңінде қарсыластарынан оқ бойы озып шыққан тағы бір жерлесіміз – Вадим Галеев төрт кезеңнің қорытындысы бойынша жарыстың чемпионы атанды.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp