“Қарасай” стадионында футболдан ел чемпионатының 30-шы тур ойындары өтті. Петропавлдың “Қызылжары” астаналық “Бәйтерекпен” ойнап, 1:1 есебімен тең түсті. Ойынды 1200 көрермен тамашалады.
Осы маусымдағы ең мықты командамен өткен ойында солтүстікқазақстандықтар аянып қалмады. Екінші таймның 57-ші минутында допты қарсыластар қақпасына Тимур Молдинов соғып, командасын алға шығарды. Жанкүйерлердің қуанышында шек болмады. Бір доп айырмасымен алға шыққан жерлестеріміз осы нәтижені ойын соңына дейін ұстап тұра алмады. Ойын аяқталуға шақ қалғанда “Бәйтеректің” футболшылары есепті теңестіріп, командасын мүмкін болар жеңілістен аман сақтады. Бұл ойыннан соң “Қызылжар” ФК 16 команда арасында турнир кестесінің 11-ші орнына тұрақтады. Бірінші лиганың маусымы осымен аяқталды.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp