Қазанның 22-сі күні облыс орталығындағы “Қарасай” стадионының ойын залында жасөспірімдердің ұлттық баскетбол лигасының алғашқы туры басталды. Қазақстан мен Ресей бірлесе отырып жүзеге асырған сайысқа Петропавл, Қостанай, астаналық ойыншылармен қатар ресейлік 5 команда ниет білдіріп отыр.
Онда облыстық дене шынықтыру, туризм және спорт басқармасы бастығының орынбасары Серік Жарасбаев: “Екі елдің арасындағы қарым-қатынасты нығайту мақсатында өткізіліп отырған мұндай жарыстың маңыздылығы ерекше. Біздің спортшылар бұған дейін Ресейде болған. Биылғы жарыс та жоғары дәрежеде өтеді деген ойдамын”, – дей келе жарысқа қатысушы 8 командаға сәттілік тіледі.
Бәсекелі дода барысында алғашқылардың бірі болып қостанайлық “Тобыл” мен ресейлік “Асбест” командалары алаңға шығып, жиналған қауымға қызу да тартысты ойын көрсетті. Әрқайсысы 10 минуттық төрт бөліктен құралған тартысты ойында “Тобыл” 61: 38 есебімен жеңіске жетті.
Одан кейін жас спортшылардың кәсіби деңгейінің артуына мүмкіндік беретін сайыста петропавлдықтар мен Екатеринбург қаласының командасы кездесті.
Келесі кезеңге қандай командалардың жолдама алатындығы 3 күннен соң белгілі болмақ. Ал ойынның 2-туры қысқы демалыс уақытында Ресейдің Асбест қаласында өтеді деп жоспарланып отыр.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp
Соңғы жаңалықтар
- 21.12.2024
- 5 қаралым
- 21.12.2024
- 10 қаралым
- 21.12.2024
- 7 қаралым
- 21.12.2024
- 4 қаралым
- 21.12.2024
- 1 қаралым