«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

АДАМЗАТҚА ТӨНГЕН ҚАУІП ТАЛҚЫЛАНДЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Әсия БИСИМБАЕВА,
Ғ.Мүсірепов атындағы облыстық балалар
мен жасөспірімдер кітапханасының бөлім жетекшісі.

Ғ.Мүсірепов атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасында “Көз жету” қоғамдық бірлестігінің қатысуымен “Терроризм мен діни экстремизм – адамзатқа қауіп” тақырыбында “дөңгелек үстел” өткізілді. Кеңесті М.Қозыбаев атындағы СҚМУ-дің “Тарих және әлеуметтік гуманитарлық пәндер” кафедрасының ұстазы, “Көз жету” қоғамдық бірлестігінің төрағасы Максим Доценко жүргізді. Шараға қатысушылар терроризмнің пайда болу себептері, терроризм мен экстремизмнің қатынасы туралы, экстремизм дінге тым сенушіліктің әсері ме және экстремизм мен терроризмге қарсы тұра аламыз ба деген сұрақтарды талқылады. Жастарды әртүрлі діни ағымдардан қалай қорғау керектігі де айтылды.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp