«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

АЙЫРТАУДА ӘШКЕРЕЛЕНГЕН ЗАҢ БҰЗУШЫЛЫҚТАР үшін 20 адам жауапқа тартылды

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясы шілде-тамыз айларында Айыртау ауданының бюджетінен қаржыландырылатын 8 мемлекеттік мекемеде және 1 коммуналдық мемлекеттік кәсіпорында, сондай-ақ “Айыртау орталық аудандық ауруханасы” ШЖҚ КМК және “Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының жетім балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған №8 кәсіптік лицейі” ММ бюджет және өзге де заңнамалардың сақталуына кешенді бақылау жүргізді.

Бақылау қорытындысы бойынша жалпы сомасы 643067,6 мың теңгенің заң бұзушылықтары анықталды, соның ішінде қаржы тәртібін бұрмалаушылық – 528 827,7 мың теңге, мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманы бұзушылық – 114 239,9 мың теңге. Бюджетті қалпына келтіруге (орнын толтыруға) жататыны – 20463,6 мың теңге.
Заң бұзушылықтың ең көп сомасы “Айыртау ауданының құрылыс бөлімі” ММ-іне тиесілі – 49,0 пайыз немесе 315 250,1 мың теңге, “Айыртау ауданының білім бөлімі” ММ – 19,3 пайыз немесе 123 798,8 мың теңге, “Айыртау орталық аудандық ауруханасы” ШЖҚ КМК – 12,5 пайыз немесе 80 609,6 мың теңге, “Айыртау ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі” ММ – 9,6 пайыз немесе 61 664,6 мың теңгені құрады.
Сондай-ақ құрылыс бөлімінде бухгалтерлік есепті жүргізу ережесін бұзушылық 292 351,1 мың теңгені (пайдалануға қабылданған активтер тиісті көмекші шотқа кіріске алынбаған); мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманы бұзушылық 22 899,0 мың теңгені құрады;
білім бөлімінде бюджеттік өтінімдерде 53 424,0 мың теңге сомасына жоспарланатын шығыстардың негіздері жоқ (биылғы қаржы жылы қызметтер көрсету туралы шарттардың көшірмелері, негізгі құралдарды сатып алу жөніндегі прайс-парақтар); “Білім беру ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушілерін оқулықтармен қамтамасыз ету ережесі” Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 19 ақпандағы №173 қаулысын қолданусыз 28 720,0 мың теңге сомасына оқулықтар қажеттілігі жоспарланған (есептерде әлеуметтік қорғалмаған оқушылардың саны, оларға қайтару негізінде ақысыз пайдалану құқығы берілген және қаржы жылына оқушылардың осы контингенттеріне қажетті оқулықтар көлемі көрсетілмеген); еңбекақы артық есептелген және төленген. 293,9 мың теңге көлемінде еңбек демалысы мен іссапар шығындарына артық төлем жүргізілген; мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманы бұзушылық 12 680,0 мың теңгені құрады.
“Айыртау орталық аудандық ауруханасы” ШЖҚ КМК-де 1 042, 2 мың теңге сомасына мемлекеттік тапсырысқа енгізілген шығындар артық жоспарланған; заңнаманы және шарт талаптарын бұза отырып жалпы сомасы 34 196,7 мың теңге мемлекеттік тапсырыс қаражаттарын пайдалану анықталды; 17,75 штаттық бірлікті артық ұстауға 13 929,2 мың теңге бюджеттік қаражат жұмсалған; мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманы бұзушылық 30 746,9 мың теңгені құрады.
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінде 11 601,1 мың теңгеге техникалық ерекшелікте көзделмеген жұмыстардың орындалғаны; “Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы Саумалкөл ауылындағы жылумен жабдықтау нысандарын қайта жаңарту” жобасы бойынша 17 251,5 мың теңгенің жұмыстарына қайта сараптама жүргізілмегені; 34 950,0 мың теңгеге мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманы бұзушылық анықталды.
Бақылау іс-шараларының қорытындысы тексеру комиссиясының отырыстарында қаралды. Бақыланған нысандардың және бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің басшыларына тексеру комиссиясының әшкереленген заң бұзушылықтарды жою, бұдан әрі оларға жол бермеу бойынша шаралар қабылдау жөніндегі ұсыныс жолданды.
Қолданылған шаралар нәтижесінде жергілікті бюджетке 4 010,5 мың теңгенің орны толтырылды. Заң бұзушылыққа жол бергендері үшін 20 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Заңды және лауазымды тұлғаларға жалпы сомасы 105, 2 мың теңге әкімшілік айыппұл салынды. Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 145-бабы 5-тармағына сәйкес бір бақылау нысаны бойынша материалдар облыстық прокуратураға жіберілді.
Солтүстік Қазақстан
облысы бойынша тексеру
комиссиясы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp