Бақытжан ЖОЛДАСҚЫЗЫ,
“Солтүстік Қазақстан”.
Бейсенбі күні “Достық” үйінде “Дуслык” татар-башқұрт қоғамдық орталығының ұйымдас-тыруымен Құрбан айттың құрметіне мерекелік іс-шара өтті.
Қарттарды қолдау айлығы мен ұлық мейрамның қарсаңында орталық ұжымы өз ардагерлеріне сый-құрмет көрсетті. Оларға естелік және ақшалай сыйлықтар табысталды. Өскелең ұрпақ ән-жырдан шашу шашып, орталықтың жанынан құрылған вокалды топ татар халық әндерінен сусындатты. Сондай-ақ іс-шара барысында Құрбан айттың қадір-қасиеті жайында айтылды. Кеш соңында жиналғандар айт шайын ішіп, бір-бірін келе жатқан мейраммен құттықтады.