«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

БЕДЕЛІМІЗ АРТА БЕРСЕ ЕКЕН

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Светлана ЗАЙЦЕВА,
ҚР Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттіктің СҚО бойынша басқармасы бастығының орынбасары.

Мемлекеттік қызметшілердің оң бейнесін қалыптастыру – мемлекеттік билік органдарының азаматтық қоғаммен қарым-қатынасының ең өзекті мәселелерінің бірі. Тиімді мемлекеттік қызметсіз мемлекеттік билікті нығайту және жалпыұлттық мүдделерді қорғау, еліміздің әлеуметтік-экономикалық қарқынды дамуы мүмкін емес.
Қоғамдық қатынас мемлекеттік қызметтің бір саласы болып табылады. Олардың күрделі жүйесі бірнеше бағытта: мемлекеттік қызметшілер мен мемлекет және азаматтық қоғам арасында, құрылымдық және иерархиялық байланысты есепке ала отырып, өз араларында, сондай-ақ нақтылы мемлекеттік қызметшілер (лауазымды тұлғалар) және азаматтар арасында жүзеге асады. Мемлекеттік қызметшілердің кәсіби әрекеттері қоғамда маңызды: олар адамдардың мүдделері мен қажеттіліктерін жүзеге асыруға көмектесушілер немесе кедергі жасаушылар болып табылатын шынайы билік өкілдері ретінде мемлекетті бейнелейді. Сондықтан шенеуніктердің кәсіби әрекеттерін бағалау кешенді сипатқа ие.
Мемлекеттік қызметтің және мемлекеттік басқарудың тиімділігін субъективті бағалау билік пен қоғам арасындағы қарым-қатынас сипатын қабылдау ерекшеліктеріне, көпшілік санасында қалыптасқан мемлекеттік қызметшілер бейнесіне негізделеді. Көпшілік жағдайда азаматтардың нақты шенеунікпен қарым-қатынасының жеке тәжірибесі жалпы мемлекеттік қызметшінің бейнесіне әсер етеді.
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев атап көрсеткендей, елімізді тиімді басқару үшін мемлекеттік қызметші негізгі сапаларды меңгеруі қажет. Олар – жоғары адамгершілік жауапкершілік, кәсіби білім және оны тәжірибеде қолдана білу, адалдық пен әділеттілік, белсенді өмірлік ұстаным. Мемлекеттік қызметте жүрген әр адам өз жұмысының маңызын терең түсінуі, елінің патриоты болуы және мемлекеттік қызмет бейнесін арттыру үшін барлық шараларды қолдануы керек.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметінің оң бейнесін қалыптастыру және нығайту – мемлекеттік жүйені дамытудағы басым бағыттардың бірі. Қазақстан дамуының 2030 жылға дейінгі стратегиясында кәсіби мемлекетті құру ұзақмерзімді басымдық болып белгіленген. Мемлекетіміздің алдында тұрған мемлекеттік қызметтің жоғары кәсібилігі мен басқару құрылымының тиімділігін жасау ісіндегі міндеттерді жүзеге асыру, көбінесе мемлекеттік қызметшілердің кәсібилігіне байланысты. Мемлекеттік қызметшілердің бейнесі мемлекет жүргізіп отырған қайта құруға жұртшылықтың сенімінің көрсеткіші және басқару қызметінің тиімділігіне қоғам бағасының өлшемі болып табылады. Сондықтан осындай өлшемдер әрқашан жағымды болғанын қалар едік.
Мемлекеттік қызметшінің жағымды бейне-сіне қойылатын негізгі ережелер Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызметшілерінің ар-намыс кодексінде айқындалған. Онда көрсетілгендей, мемлекеттік қызмет атқару мемлекет пен қоғам тарапынан ерекше сенім білдірілгені болып табылады және мемлекеттік қызметші бейнесіне моральдық-этикалық, адамгершілік жоғары талаптар қойылады.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша басқармасы мемлекеттік қызметтің беделі мен жағымды бейнесін қалыптастыру бойынша ұдайы жұмыс жүргізеді.
Ең алдымен бейнені арттыру жөніндегі жұмысты біздің ең басты игілігіміз болып табылатын мемлекеттік жас қызметшілерге бағыттаймыз.
Мәселен, облыста мемлекеттік қызметке алғаш қабылданғандарды қайта даярлау бойынша мониторинг жүргізіледі және мемлекеттік қызметшілерді оқыту өңірлік орталығы базасындағы “Мемлекеттік қызметшінің жағымды бейнесі” тақырыбындағы біліктілігін арттыру курстарына жіберу ұдайы ұйымдастырылады. Осылайша 2007 жылдан бастап, бүгінге дейін мемлекеттік қызметшілерді оқыту өңірлік орталығында – 6654, мемлекеттік басқару академиясында – 274, салалық оқу орындарында – 1828, шетелде 22 адам оқытылды.
Бұл мәселеге мемлекеттік қызметтің жаңа үлгідегі тұжырымдамасының негізгі ережелерінде де зор көңіл бөлінген.
Мемлекеттік қызметтің жағымды бейнесін қалыптастыру мемлекеттік қызметтің жаңа үлгісінде басым бағыт болуы керек, соның ішінде азаматтардың жүгінімдеріне уақтылы назар аудару және ақпараттандыру, қол жеткізген нәтижелер негізінде мемлекеттік органдар қызметі туралы жағымды пікір қалыптас-тыру қажет.
Мемлекеттік қызметтің жағымды бейнесін қалыптастырудағы негізгі бағыттарға тиісінше мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру және қоғаммен байланыс орнату жатады. Мемлекеттік органдар жұмысының негізгі қағидалары азаматтарға бағыт сілтеу, кәсібилік, жеделдік, ашықтық пен қолжетімділік болуы керек.
Мемлекеттік қызмет пен қоғамның, соның ішінде қоғамдық-саяси бірлестіктер, үкіметтік емес ұйымдар, бұқаралық ақпарат құралдары арасындағы диалог мемлекеттік органдардың азаматтарды өздерінің қызметі туралы жүйелі түрде ақпараттандыруына, сонымен қатар тұрғындармен байланысты дамытуына және соның негізінде өзара ыңғайлы шешім қабылдауына мүмкіндік береді.
Бұл жұмыста мемлекеттік органдар мен жұртшылық арасында тиімді интерактивтік байланысты қамтамасыз етуге жағдай жасай алатын, әлеуметтік топтардың қажеттіліктері мен пікірлерін барлық деңгейлердегі мемлекеттік органдарға жеткізе алатын баспа және электрондық бұқаралық ақпарат құралдарының әлеуеттерін толық пайдалану қажет.
Әр мемлекеттік органның жұмысындағы бұл бағыттағы тетіктері БАҚ-тарға ақпараттық материалдарды орналастыру; оңтайлы басқарушылық шешім қабылдау үшін ақпараттық кеңістік пен қоғамдық пікірге мониторинг жүргізу; мемлекеттік қызметшілердің қоғаммен тікелей байланысы (жеке мәселелері бойынша азаматтарды қабылдау, тұрғындармен ресми және бейресми кездесулер, қоғамның қандай да бір топтарын қатыстыра отырып әр алуан кеңейтілген отырыстар, түрлі әлеуметтік және басқа да жобалардың тұсаукесерлерін өткізу); түрлі санаттағы азаматтар өкілдерімен интерактивті қатынас орнату, тағы басқалар болуы керек.
Жалпы мемлекеттік қызметтің жағымды бейнесін қалыптастыру мемлекеттік органдардың қоғаммен сындарлы ынтымақтастығын айқындайтын қайта құрудың өзекті құрамдас бөлігінің бірі болып табылады.
Мемлекеттік қызметтің жағымды бейнесін қалыптастыру сапалы шешімнің күрделі мәселесі екендігін түсінеміз, сол үшін ұдайы жұмыс жүргізетін боламыз.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp