«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЖАУЫНГЕРЛІК ҚЫЗМЕТТЕГІ ҚЫРАҒЫЛЫҚ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Жуырда облыс орталығында патрульдік-бекеттік қызметті атқару кезінде құрамында Әскери институттың курсанттары бар бірлескен жасақ ізін суытпай ҚР ҚК 175-бабының 1-тармағында қарастырылған (ұрлық) екі бірдей қылмыстың бетін ашты.

Руслан ТҰРҒЫНБАЙҰЛЫ,

Ішкі әскер Әскери институтының
баспасөз хатшысы.

Қалалық ішкі істер басқармасы маңындағы таратудан кейін әр патрульдік топ белгіленген бағыты бойынша қызметке шықты. Құрамында полиция аға сержанты Нұркен Күбенов, 2-оқу батальоны 4-оқу ротасының курсанттары Қанат Кеженов пен Кирилл Иванников бар бірлескен жасақ Пушкин мен Мир көшесінің аралығында Қазақстан Конституциясы көшесінің бойына қызметке түседі. Қызметті атқару барысында “Есіл” мейрамханасы маңында жасақтың назарына берілген анықтамаға сәйкес 35 жастағы әйел адам ілігеді. Жеке тұлғаның кім екенін анықтау кезінде сезікті өзінің қылмысқа қатысы бар екенін жасырмаған. Бұдан соң азаматша қалалық ішкі істер басқармасына жеткізіліп, оның 3 800 теңге ақша ұрлағаны айғақталған.
Дәл осы күні әскери оқу орнының курсанттары тағы бір қылмысты дереу әшкереледі. Құрамында полиция капитаны Елена Терентьева, 2-оқу батальоны 4-оқу ротасының курсанттары Қайсар Нұрланов пен Асылбек Қалжанов бар бірлескен жасақ Пушкин мен Мир көшесінің аралығындағы Интернационал көшесінде қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз еткен. Анықтамаға сәйкес осы күні облыс орталығында жасалған ұрлыққа қатысы бар деген күдікпен 35 жастағы ер-азамат іздеуге салынды. Кешкі сағат 20.30 шамасында жасақ құрамындағы курсанттардың назарын “Донер” дәмханасы маңында тұрған жігіт сипаттамаға сай келетіндігімен аударған. Азаматтың түр-тұлғасын сұрастыру кезінде ол өзі жайлы ақпарат беруден бас тартқан. Бұдан кейін ол қалалық ішкі істер басқармасына жеткізіліп, онда 10 мың теңге ақшала ұрлағанын мойындаған.
Қызметтерін қырағы атқарған үшінші курс курсанттары Қанат Кеженов, Кирилл Иванников, Қайсар Нұрланов және Асылбек Қалжанов жоғары марапатқа ұсынылды.
Петропавл қаласы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp