«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

СЫРТҚЫ САУДА АЙНАЛЫМЫ 403,3 млн. долларға артты

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

СҚО кедендік бақылау жөніндегі департамент өткен тоғыз айдағы жұмысын қорытындылады.
Осы кезеңдегі облыстың сыртқы сауда айналымы 648,9 млн. АҚШ долларын құрап, былтырғы көрсеткішпен салыстырғанда, 164 пайызға немесе 403,3 млн. долларға өсті. Департаментте ресімделетін тауарлардың дәстүрлі номенклатурасына бидай өнімдерін экспортқа шығару және облыс ауыл шаруашылығы өндірушілері мен өнеркәсіп өндірістерінің қажеттілігі үшін тауарларды импорттау жатады.
Облыстың сыртқы тауар айналымының 76 пайызын экспорт құрайды. Былтырғы кезеңмен салыстырғанда оның көлемі үш есеге өсіп, 496,1 млн. долларға жетті. Құн бойынша экспорттың негізгі үлесі бидайға тиесілі (66 пайыз), ұн – 14 пайыз, зығыр – 9 пайыз, рапс – 4 пайыз. Бидай экспорты өткен жылмен салыстырғанда, 4 есеге немесе 250,3 млн. долларға артты. Импортты тауар айналымының негізгі бөлігін ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеуге арналған жабдықтар және ауыл шаруашылығы техникасы құрайды (152,8 млн. доллар). Сыртқы сауда жеткізілімдері бойынша біздің кәсіпорындар Йемен, Египет, Судан, Иордания мемлекеттеріне өнімдерін өткізе бастады. Импорт жөнінен Еуроодақ мемлекеттері, Қытай, Украина және АҚШ елдері алдыңғы орында тұр.
Кеден саласындағы құқық бұзушылықтар мен қылмыстарға қарсы күрес жалғасуда. 2012 жылдың басынан 22 қылмыстық іс қозғалды, соның ішінде 13-і экономикалық контрабандаға қатысты. Әкімшілік заңнаманы бұзу жөнінен 31 әрекет анықталды. Қылмыстық істер бойынша 220,6 млн. теңге соманың тауары тәркіленді. Әкімшілік істер бойынша 1,1 млн. теңге сомада айыппұл жазылды.

СҚО кедендік бақылау жөніндегі департаменттің баспасөз қызметі.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp