«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

БАЛАЛАР АРМАНЫНДАЙ АКВАПАРК

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Саңырау балаларға арналған облыстық мектеп-интернат балалары таяуда ашылған “Нептун” аквапаркіне баруды армандап жүр еді. Оған бару үшін мұқият дайындалды. 

Елена КУЛАКОВА,
орыс тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі.

Көптен күткен күн де келіп жетті. Аквапарктің фойесінде орналастырылған аквариумнан басталған ғажайыптың барлығы балалар тұрмақ, үлкен кісілерді де таңғалдырады.
Келген бетте біздерге судағы қауіпсіздік және балалардың өздерін ұстау ережелері туралы түсінік берілді. Бойлары 140 сантиметрден аспайтын балаларға құтқару кеудешелері таратылды. Арнайы киімдегі құтқарушы қыз-жігіттер жай қарап тұрмай, су аттракциондарындағы кезекті реттеп, балалардың кеудешелерді дұрыс киюлерін қадағалап отырды. Су аттракциондары барлық жастағылар үшін ойластырылыпты. Тіпті, ең кішкентайлар үшін әртүрлі төбешіктері бар тайыз хауыздар да жасалған екен.
Әсіресе, биіктігі 22 метрге дейін жететін су сырғанақтары ересек балаларға өте ұнады. Олар үшінші қабаттан бастап төмен қарай зулайтын сырғанақтың ұшар басына қайықшаларын сүйреп шығудан жалықпады. Оған жүректері дауаламағандары кішірегінде сырғанады.
Балалар гидроуқалау ваннасына, душқа, хауыздарға да түсіп, рахаттанды. Аквапарк іші өте жылы, еден мен отыратын орындар жылытылады екен.
Су адамды жайландырып, шаршағанды басады, көтеріңкі көңіл күй сыйлайды. Мүгедек балалар сауықтыру процедураларын қабылдап, күш-қуат жинап, сергіп қалды.
Аквапарк басшылығына мүмкіндігі шектеулі балаларға көрсеткен қамқорлықтары үшін алғысымыз шексіз.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp