МҮГЕДЕКТЕРГЕ МҮМКІНДІК ТУҒЫЗАЙЫҚ
Гүлнәр ХАЛЫҚОВА,“Нұр Отан” ХДП-ның Облыстық филиалы, қоғамдық-саяси бөлімінің меңгерушісі. Бүгінгі күні мүмкіндігі шектеулі жандардың әлеуметтік бейімделуіне, олардың құқықтарын қамтамасыз етуге және мүгедектердің қоғамға кірігуге мемлекет зор назар аудару үстінде. 2005 жылы “Қазақстан Республикасындағы мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы” Заң қабылданды. 2008 жылдың 11 желтоқсанында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың “Мүгедектердің құқықтары туралы” Біріккен Ұлттар Ұйымының Конвенциясына және …