«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

АЙЛЫҚ АЯҚТАЛДЫ. ҚОРЫТЫНДЫСЫ ҚАНДАЙ?

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Қар мен қараның арасындағы қара суығымен қалтыратын мезгіл – қазан бойы қарттар мен мүгедектерге қамқорлық құшағы айқара ашылған айлық аяқталып та қалды. Қазанның 1-і күні қайда болсын аста-төк дастарқан жаюмен басталатын айлық барысында қарттарға қандай қамқорлық көрсетілді?

Тұрар ОРАЗАЛИН,
Шал ақын аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бастығы.

Егде қауымның өкілдері елдің сөзін сөйлеп жүрген билік басындағылардың қалтқысыз қамқорлығын әбден сезінді. Төрт мыңдай зейнеткер мен мүгедекке 4 172,7 мың теңгенің материалдық көмегін көрсеттік. 1 630,5 мың теңгенің азық-түлігі салынған қоржындарды 1259 ардагердің қолдарына ұстаттық.
Аудан әкімі Қ.Тінеевтің бастамасымен қарттар үшін ауыл шаруашылығы жәрмеңкесінің өткізілуі қамқорлықтың жаңа нышаны болды. 1 722,5 мың теңгенің тауарлары сатылған жәрмеңке бәрін де риза қылды деуіміз керек.
Айлық барысында қарттарды қуантқан шаралар аз емес. Мәселен, шахматтың шаршы тақталары үстіндегі тартысқа толы ойындар таңырқатпай қоймады. Зейнеткерлер арасында – В.Пустыльников, мүгедектер арасында А.Балғожин жеңімпаздар атанды.
Ардагерлерді әлеуметтік қолдау жұмысы алдағы уақытта жалғаса береді.
Жанна ЖАНТІЛЕУОВА,
Уәлиханов аудандық жұмыспен қамту және
әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бастығы.

Ауданымызда қарттар мен мүгедектерге материалдық және моральдық көмек көрсету ауыз толтырып айтарлықтай болды. Көзге көрінгенмен, қолға ұстауға болмайтын моральдық көмегіміз де аз болған жоқ.
Өзгелерге өнеге болатын төмен бағамен қосалқы шаруашылық иелеріне азық-түлік берген “Қызылту-Нан” ЖШС басшысы К.Дүсіріповтің ардагерлерге деген сый-құрметін атап өткен жөн, бұл – қарттарға деген ықыластың ерекше екендігінің айғағы.
Қайырымдылық жасау жалпы адамзат баласының осы өмірдегі ең ұлағатты ісі, сондықтан өз ұжымынан зейнеткерлікке шыққан еңбек ардагерлеріне өзінің әлеуметтік жауапкершілігін сезінген аудандық аурухананың бас дәрігері Т.Иманов сый-құрмет көрсетті.
Қайырымдылық айына арналған шаралардың бірі – аудан көлемінде тұрып жатқан мүмкіндігі шектеулі 61 балаға арналған “Алтын күз” конкурсы. Аталған іс-шараға аудан бойынша 40 бала қатысты. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі қызықты ойын-сауық бағдарламасын жасады. Осы бағдарламаның тақырыбына сәйкес киінген барлық балаларға қазылар алқасы бағалы сыйлықтар тапсырып, тиісті орындар берді.
Жыл сайын өткізілетін қарттар айлығына байланысты ауданымыздың 25 мектебінде “Қолғанат тобы” құрылып, көптеген ардагер ұстаздарға көмек көрсетілуде. Сонымен қатар барлық сынып жетекшілері ашық сынып сағаттарын “дөңгелек үстел”, кездесулер өткізіп, ата-әжелерді құрметті қонақ ретінде шақырды.
Барлық кітапханаларда қарттар айлығына арналған “Ақылды қария – ағып жатқан дария”, “Атаның ұлы болма, адамның ұлы бол”, “Қарттарым аман-сау жүрсін” тақырыбында сайыстар, театрландырылған көріністер, әңгіме-викторина, кітап көрмелері, кештер өткізілді. Осынау игі шаралар нәтижесінде адамдардың бір-біріне деген ыстық ықыластары мен ілтипаттары көрініс тапты.
Төлеген БҰЖЫҚАЕВ,
Есіл ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар
бөлімінің бастығы.

Бұлт астындағы Күні сықсима шамдай сығырайған қазан айын көңілді өткізуге біз көп күш-жігер жұмсадық.
Аудандық Мәдениет үйінде үлкен мерекелік концерт берілді. Көркемөнерпаздар мен оқушылар ұйымдастырған концерттер барлық ауылдарда өтті. Ал “Отрада” ардагерлердің вокалдық тобы зейнеткерлердің шақыруымен жекелеген елді мекендерге концерттік бағдарламасымен барып қайтты.
Айлық барысында мектептерде “Жүректерді ілтипатпен жылытамыз”, “Кәрілік шақ – жан байлығы” тақырыптары бойынша соғыс және еңбек ардагерлерінің, тыл еңбеккерлерінің қатысуымен “дөңгелек үстелдер” өткізілді.
11 қазан күні 25 адам туристік сапармен Петропавл қаласында болып қайтты.
Айлық барысында мұқтаж зейнеткерлер мен мүгедектерге жем-азық берілді, ол үшін шаруашылық субъектілері тарапынан тегін көлік бөлінді.
Ведомствоға қарасты интернат-үйлерде тұратын аудан зейнеткерлері мен мүгедектері де назардан тыс қалмады.
Барлығы айлық барысында 8 миллион теңгеден астам сомаға қайырымдылық көмек көрсетілді.

Владимир АРТИМОВИЧ,
Мамлют аудандық
жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бастығы.

Айлық кезеңінде 3246 зейнеткер, 725 мүмкіндігі шектеулі тұлға қамтылады. Кәсіпорындар мен мекемелердің басшылары кәсіпорындармен байланысын үзген 905 зейнеткердің үйлеріне барды, оларға құрмет көрсетті.
“Абсолют” және “Теремок” дәмха-наларының басшылары Мамлютка қаласында жалғызілікті және жалғыз тұратын қарт адамдарға қайырымдылық түскі асын ұйымдастырды.
Бірнеше жыл мүгедек спортшылар командасы “Надежда” облыстық спартакиаданың жеңімпазы болып табылады.
Аудан әкімі Қ.Қалиев салтанатты жағдайда командаға құрмет көрсетіп, 26 спортшының әрқайсысына Алғыс хаттар мен ақшалай сыйақы тапсырды.
Айлықты өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес облыс орталығына экскурсия ұйымдастырылды. Новомихайловка, Қызыләскер, Андреевка, Краснознаменка ауылдық округтерінің ардагерлері Петропавлды тамашалап қайтты.
Қарт адамдарды қолдауға оқушылар белсене қатысады. Олар қыркүйек-қазан айларында 118 қарт адамның үйлеріне барды және үй жанындағы жерлерді аббаттандыруға қолдан келерлік көмек көрсетті. Тимуршылар қозғалысы айлық бойы жалғасын тапты.

Евгения ВОЛОДИНА,
интернат-үйі директоры.

“Тірек-қимыл аппараты зақымданған мүгедек балаларға арналған Петропавл интернат-үйі” – осы сала бойынша елдегі жалғыз мекеме. Мұнда 6 мен 18 жас аралығындағы тірек-қимыл аппараты зақымданған балалар интернатта тұрып, психологиялық-педагогикалық көмек алып, сауықтыру, бейімделу мен әлеуметтену курсынан өтеді, сонымен қатар инклюзивті оқу бағдарламасы бойынша жалпы білім беретін мектепте оқиды.
Интернат-үйдің тәрбиеленушілерінің айлыққа арналған “Алтын күз” сахналық көрінісі олардың шеберлігін көрсетті. Частушкалар орындаған, өлеңдер оқыған, қызықты көріністер мен конкурсқа қатысқан балалар мерекелік көңіл күйді көтерді. Шара дәстүр бойынша мерекелік дастарқанмен және би кешімен аяқталды.
Интернат-үйдің тәрбиеленушілері өлкетану мұражайына, ботаникалық баққа экскурсияға барды. Балалар Н. Погодин атындағы облыстық драма театры қойған “Курочка Ряба на новый лад” ертегісін тамашалады. Балалар өз әсерлерін суреттер арқылы көрсетті және бейнелеу өнері сабағында шағын экспозиция жасады. Біздің тәрбиеленушілер еңбек терапиясы сабақтарында күзгі тақырып бойынша табиғи материалдан ұсақ-түйектер жасады. “Мен осы жерді сүйемін!” сурет конкурсына қатысып, жүлделермен марапатталды.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp