«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ТИМИРЯЗЕВТІКТЕР БЕЛСЕНДІЛІГІН АРТТЫРҒАН БАҒДАРЛАМА

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Серік ОМАРОВ,
жұмыспен қамту орталығының директоры.

Тимирязев ауданының жұмыспен қамту орталығы “Жұмыспен қамту – 2020” бағдарламасын iске асыру бойынша жұмыссыздардың санын азайту мақсатында жұмыс жүргізу үстінде. Бағдарлама төрт бағыт бойынша жүзеге асырылуда.
Бiрiншi бағыт тұрғындарды орнықты және өнiмдi жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету үшін еңбектік әлеуетті дамыту жолымен тұрғындарды жұмысқа орналастыруға жәрдемдесуге бағытталған. Ауданның жұмыспен қамту орталығы осы бағыттар шеңберiнде:
– оқыту және жұмысқа орналыстыру сауалдары бойынша кеңес бередi;
– біліктілігін арттыру, кәсiби әзiрлiк және қайта даярлау үшін тегiн курстарға жібереді;
– бағдарламаға қатысушыларға оқуға материалдық көмек берiледi;
– қолайлы бос орындар iздестiру және жұмысқа орналастыруға жәрдемдесудi жүзеге асырады, соның iшiнде әлеуметтiк жұмыс орындары мен жастар тәжiрибесiне;
– жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысатын жеке тұлғалардың жалақысын жартылай субсидиялау;
– жастар тәжiрибесіне жіберілген жеке тұлғалардың еңбекақысын төлейді.
Биыл қыркүйек айында ауданның жұмыспен қамту орталығы кәсiби даярлауға келесі мамандықтар бойынша Петропавл қаласының колледждеріне 8 адамды жолдады: техник-механик – 1 адам, техник-электршi – 3 адам, фельдшер – 1 адам, медбике iсі 3 адам. Осы кәсіби даярлыққа қатысқандар емтихандарды ойдағыдай тапсырып, колледждерге қабылданды.
Бұдан басқа Тимирязев ауданында былтырдан бастап кәсiби даярлықта 12 адам оқуды жалғастырып жатыр.
Қайта даярлауға 7 адам келесі мамандықтар бойынша жіберілді: шаштараз-модельер – 2 адам, есепшi, газэлектрдәнекерлеуші, маникюр бойынша шебер, наубайханашы – 2 адам. Қазiргі уақытта бағдарламаға қатысушылар оқуды аяқтады және ауданның кәсiпорындарына жұмысқа орналастырылды.
Екі адам: есепші және электр технигі біліктілігін арттыру курстарына жіберілді. Олар оқуды аяқтады және қазіргі уақытта алған ма-мандықтары бойынша жұмыс iстейдi.
Жеке тұлғалардың жалақысын жартылай субсидиялау үшін биыл ауданға республикалық бюджеттен 3 778,0 мың теңге бөлінген. 2012 жылдың 1 қыркүйегiне дейін 30 адам әлеуметтiк жұмыс орындарына орналастырылды. Олардың еңбекақысының 50 пайызы субсидияланады.
Жастар тәжiрибесіне жіберілген жеке тұлғалардың еңбекақысына республикалық бюджеттен ауданға 2 788,0 мың теңге бөлінген. 2012 жылдың 1 қыркүйегіне жастар тәжірибесіне айлық еңбекақысы 27,0 мың теңгеден артық 19 адам жіберілген.
Екiншi бағыт өз ісін ашу арқылы азаматтардың экономикалық белсендiлiгiн арттыруға бағытталған.
2012 жылдың бірінші жартысында осы бағыт шеңберiнде Тимирязев ауданында бағдарламаның 10 қатысушысына 19,5 миллион теңге сомасында несие берілген, соның iшiнде: мал шаруашылығына, тiгiн цехын ашуға, дөңгелек жинақтау шеберханасын ашу үшін, шаштараз ашуға және көкөнiс шаруашылығына. Барлық қатысушылар алдын ала кәсiпкерлiктiң негiздерi бойынша оқудан өтті.
Сонымен бiрге биыл өнеркәсiптiк инкубатор ашуға, мейманханалық қызметтерге, автомобиль жуу орнын ашуға, наубайхананы қайта жаңартуға және мал шаруашылығын дамытуға несие алу жоспарланып отыр.
Үшiншi бағыт тұрғындардың экономикалық әлеуеті төмен елді мекендерден экономикалық өсімі жоғары елді мекендерге ерiктi түрде көшуіне жәрдемдесу есебінен еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыруды қарастырады.
Осы бағыт шеңберiнде Тимирязево ауылында экономикалық әлеуеті төмен ауылдардан қоныс аудару үшiн 5 тұрғын үй құрылысы жүріп жатыр. Қоныс аударуға үміткер 5 отбасы бар, олар Ынтымақ, Приозерное және Рассвет ауылдарынан. Отбасы мүшелерiнiң жалпы саны – 21 адам. Бағдарламаға қатысушыларға қоныс аударуды ұйымдастыру үшiн отағасына 10 АЕК және отбасы мүшелерiне 5 АЕК көлемiнде жәрдемақы беріледі.
Төртiншi бағыт әлеуметтiк-экономикалық дамуы орташа және жоғары елдi мекендерде инфрақұрылым жобаларын жүзеге асыру жолымен тұрғындарды жұмыспен қамтамасыз етуге бағытталған. Осы бағыт бойынша “Бақытты балалық шақ” сауықтыру лагерін күрделі жөндеуге 9 адам жұмысқа орналастырылды.
Тимирязев ауданы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp