«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

МҮГЕДЕКТЕРГЕ МҮМКІНДІК ТУҒЫЗАЙЫҚ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Гүлнәр ХАЛЫҚОВА,
“Нұр Отан” ХДП-ның
Облыстық филиалы,
қоғамдық-саяси
бөлімінің меңгерушісі.

Бүгінгі күні мүмкіндігі шектеулі жандардың әлеуметтік бейімделуіне, олардың құқықтарын қамтамасыз етуге және мүгедектердің қоғамға кірігуге мемлекет зор назар аудару үстінде.
2005 жылы “Қазақстан Республикасындағы мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы” Заң қабылданды. 2008 жылдың 11 желтоқсанында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың “Мүгедектердің құқықтары туралы” Біріккен Ұлттар Ұйымының Конвенциясына және оның факультативтік хаттамасына қол қоюы қазақстандық әлеуметтік жүйені қорғауды әлемдік стандарттарға жақындату мәселесіндегі маңызды қадам болды. Конвенция мүмкіндігі шектеулі адамдарды кемсітушілікті жоюға, еңбек етуіне, денсаулығын сақтауға, білім алуы және қоғам өміріне толықтай араласуына, сот әділдігіне қолжетімділігіне, жеке басының дербестігіне, өздеріне қиянат жасау мен пайдаланудан азат болуына, әрекет ету еркіндігіне, жеке бейімділігіне құқықтарын қамтамасыз етуге бағытталған.
Оның жүзеге асуы үшін мүгедек адамдардың құқықтық ақпараттандырылуы және азаматтық қоғамға шынайы кірігуі бойынша белсенді жұмыс жүргізу қажет. Мүгедектер мәселелері мен оларға қатысты қоғамның көзқарасын өзгерту керек. Бұл өзгерістер мүгедек адамдардың азаматтық құқықтарын толық мойындауынан және олардың өмірлеріне қатысты шешімдер қабылдау мен жоспарлау үдерісіне қатысуынан басталуы тиіс.
Осыған байланысты “Нұр Отан” партиясының өңірлік филиалдары Денсаулық, Тұрғындарды әлеуметтік қорғау және еңбек министрліктерімен, “Мүгедектердің қазақстандық конфедерациясы” республикалық қоғамдық бірлестігімен, үкіметтік емес ұйымдармен және басқа да азаматтық қоғам институттарымен жыл сайынғы республикалық “Шектеусіз мүмкіндік – 2012” акциясы аясында қазанның 22-сі мен қарашаның 15-і аралығында өңірлік “дөңгелек үстелдер” циклын өткізеді. Соның ішінде Петропавл қаласындағы “Мүгедек жандардың құқықтарын қамтамасыз ету” тақырыбындағы шараның мақсаты мүгедектердің өздерінің құқықтары және мүмкіндіктері саласында білім ала отырып, мүгедек жандарды азаматтық қоғамға кірігуге, қоғам өміріне белсенді араласуға, мүгедек жандардың беделін көтеруге тарту болып табылады.
Өңірлік “дөңгелек үстелдер” өткізу аясында өзекті мәселелер анықталып, оларды шешу жөнінде ұсыныстар тыңдалады, сонымен қатар мүгедектер құқықтарын ратификациялауды одан әрі жеделдету жөнінде ұсынымдар жасалады. Мүгедектердің әлеуметтік сауықтандырылу құқықтарын қамтамасыз етуіне және білім алу, денсаулық сақтау, еңбекке кедергісіз қол жеткізу арқылы қоғамға бейімделуіне назар аударылады, сондай-ақ дамуы шектеулі балалардың әлеуметтік-педагогикалық кірігу мәселелері анықталады.
Сонымен қатар “дөңгелек үстелдердің” өткізілуі түрлі форматта болады. “Нұр Отан” партиясының өңірлік филиалдарының ұсынған диалогтық алаңдары негізінде мүгедек жандардың да лайықты, толыққанды өмір сүруге құқықтары бар екендігін көрсететін қосымша фотокөрмелер, спорттық, мәдени шаралар өткізілетін болады.
Мүгедек жандар сау адамдармен қатар өмір сүруге дайын, бірақ олардың ешкімге тәуелсіз, толыққанды өмір сүруіне қоғамдағы ахуал кедергі келтіреді. Білім алу, жұмысқа тұру, достарымен араласу – осының барлығы баршамыз бірлесе шешуге тиісті күрделі мәселелер.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp