«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

АВТОКӨЛІК ЖӨНДЕУ ШЕБЕРІ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Тоқтар ЗІКІРИН,

“Солтүстік Қазақстан”.

Есләмбек Уәзіров жеңіл автокөліктердің кез келген моделінің доңғалақтары дұрыс қозғалуын және олардың автошамы жарығының түзу түсуін реттеу жөніндегі слесарь болып еңбек етеді. Ол “Баира” техникалық қызмет станциясында жұмыс істеген алты жылдың ішінде өз ісінің шебері атанып, ұжым басшылығының және әріптестерінің зор құрметіне бөленуде.
Техникалық қызмет көрсетуде оған жүктелетін іс екінің бірінің қолынан келе бермейді. Мұнда слесарь-шеберге ең қажеттісі – техникалық талаптарды дәлдікпен орындау, айналу діңгегінде ауытқуы бар доңғалақтың ақауын табу және жедел түзету. Есләмбектің алдынан өткен көлік иелерінің ішінде жұмысына мін таққан жан жоқ.
– Өкінішке қарай, өңірімізде біздің мамандыққа үйрететін курс жоқ, бәрін өзің ізденіп, болса оқулықтардан тауып, болмаса іс жүзінде байқап көріп жетілуге тура келеді, – дейді техникалық қызмет шебері.
СУРЕТТЕ: слесарь-жөндеуші Есләмбек Уәзіров.
Суретті түсірген
Амангелді БЕКМҰРАТОВ.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp