«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЖЕРГІЛІКТІ ӨЗІН-ӨЗІ БАСҚАРУ – жетілдіруді қажет ететін мәселе

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

“Нұр Отан” ХДП облыстық филиалында жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту мәселесі жөнінде “дөңгелек үстел” өтті. Оған мемлекеттік органдардың, мәслихаттардың, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері және студенттер қатысты.

Гүлбике ТӨЛЕБАЕВА,
“Солтүстік Қазақстан”.

2009 жылдың ақпанында елдегі жергілікті өзін-өзі басқаруға заңнамалық өзгерістер енгізілген болатын. Соның негізінде аталмыш сала дами түсті. Енді Елбасы жергілікті өзін-өзі басқаруды дамытудың тұжырымдамасын әзірлеуді Үкіметке тапсырып отыр. Петропавлдан басқа өзге 7 облыс орталығында өткен осындай “дөңгелек үстелдерде” жергілікті өзін-өзі басқару жүйесін дамыту және осы мәселеге қатысты заңнама базасын жетілдіру жөнінде ұсыныстар мен өтініштер ортаға салынды.
Жергілікті өзін-өзі басқару жүйесі әр өңірде әртүрлі жүргізілуде. Мәселен, Өскемен қаласында жергілікті өзін-өзі басқару жөнінде 14 комитет құрылған. Бюджеті – 230 млн. теңгеден астам. Комитет мүшелігіне қала әкімдігі аппаратының қызметкерлері енгізілген. Олар тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, көгалдандыру, абаттандыру және тағы басқа әлеуметтік мәселелер бойынша жұмыс жүргізеді.
Ал біздің облыста жергілікті тұрғындар мәселесін шешу бойынша жұмыс істейтін аумақтық, қоғамдық кеңестер құрылған. Бұл кеңестер жыл сайын өтетін әкімдер есебі кезеңінде әлеуметтік тұрғыда орын алған проблемаларды ортаға салады. Дегенмен, олардың өтініштерін шешуге көбіне-көп бюджет қаржысы қарастырылмаған. Сол себепті “дөңгелек үстел” басына жиналғандар бұдан басқа қорлар мен қосымша табыс көздерін ойластыру керектігін алға тартты.
Жергілікті өзін-өзі басқару мәселесі елді мекендерде ақсап тұр. Ауылдық округтерде өкілетті билік жоқ, сондықтан бұл жерлерде ақсақалдар кеңесін немесе билер сотын құру сияқты мәселелерді қарастырған жөн, деді жиналғандар. Олардың пікірінше, сонда ғана талай мәселе жергілікті деңгейде шешімін таппақ.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp