2012 жылғы 13 қаңтарда қабылданған “Энергия үнемдеу және энергия тиiмдiлiгiн арттыру туралы” Қазақстан Республикасының жаңа Заңына сәйкес пайдаланылатын энергетикалық ресурстардың көлемiн азайтуға бағытталған ұйымдастырушылық, техникалық, технологиялық, экономикалық және өзге де шараларды iске асыру, энергия үнемдеуге, ал энергетикалық ресурстарды пайдаланудың техникалық жағынан мүмкiн болатын және экономикалық жағынан ақталған деңгейiне қол жеткiзу энергия тиiмдiлiгiне жатады. Энергия үнемдеу және энергия тиiмдiлiгiн арттыру саласындағы мемлекеттiк реттеудiң негiзгi бағыттары, энергия үнемдейтiн жабдықтар мен материалдарды пайдалануды қоса алғанда, энергия үнемдеудi және энергия тиiмдiлiгiн арттыруды ынталандыру болып табылады.
Тотыкамал ҚҰЛЖАНОВА,
облыстық кәсіпкерлік және
өнеркәсіп басқармасының бастығы.
Облыстың өнеркәсіп кәсіпорындары өндірісте ауқымды жаңғыртуды жүргізіп жатыр, бұл орайда экономикалық өсім қолда бар энергетикалық қуаттармен қамтамасыз етілуде. Өндіріске жұмсалатын инвестицияның пайдалылығы мен тиімділігін арттыру, өндірістік үдерістердің барлық кезеңдерінде шығынды кеміту, экологиялық көрсеткіштерді жақсарту өзекті проблемалар болып табылады. Инновациялық даму энергия үнемдейтін жаңа технологияларды және жабдықтарды пайдалануды, облыс экономикасының энергия ресурстарын үнемдеуді және энергия тиiмдiлiгi әлеуеттерін молынан тартуды көздейді.
Өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындарында, соның ішінде машина жасауда, энергия жұмсағыштығы жоғары қалпында қалып отыр. Энергия тиiмдiлiгiн арттыру дегеніміз – ол елеулі макроэкономикалық міндет және оны шешуден күтілетін нәтиже энергия ресурстарын тұтынуды азайтуға ғана емес, сондай-ақ жаңа инновациялық үдерістерді қосуға, жаңа технологиялық шешімдерді енгізуге де байланысты.
Мемлекеттік индустриялық-инновациялық даму бағдарламасының Индустрияландыру картасы шеңберінде елімізде зор ауқымды жобалар бастау алды, олардың әлеуметтік мәні жоғары. Индустрияландыру картасына құны 42,3 млрд. теңге 30 инвестициялық жоба енгізілді. Салалап айтқанда, машина жасауда – 3 жоба, құрылыс индустриясында – 4, кенметаллургия саласында – 2, АӨК – 7, ауыл шаруашылығында – 14. Соңғы екі жылда 20 жоба іске асырылды, соның ішінде өнеркәсіп және ауыл шаруашылығы мақсатындағы 13 нысан тұрғызылды.
“ЗИКСТО” АҚ-да жүк вагонының жаңа үлгілерін өндіру игерілді, агроөнеркәсіп кешенінің бірқатар кәсіпорындарында жаңғырту жүргізілді.
Үстіміздегі жылы облыстың индустриялық-инновациялық даму шеңберінде сомасы 11,4 млрд. теңгенің 7 жобасы іске асырылды, одан 6,9 млрд. теңгенің 6 жобасы – Индустрияландыру картасы шеңберінде жүзеге асырылды, соның ішінде “Петропавл құрылыс материалдары зауыты” ЖШС-нің полиэтилен құбыры өндірісі, “Мұнаймаш” АҚ-ы жабдықтарын жаңғырту, “Петропавл ЖЭО-2-де турбинаны ауыстыру, “Сүт өнімдері” ЖШС-де сүт зауытын қайта құрылымдау, “Зенченко және К” КС сүт зауытының құрылысы бар.
“Петропавл құрылыс материалдары зауыты” ЖШС-і металл жабынқышын және сэндвич-панельдер шығарады, олар ғимараттың жылу сақтағыштығын жылдам және сапалы жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Үстіміздегі жылы полиэтилен құбырын өндіру жөніндегі жаңа желі іске қосылды. Онда энергия үнемдеу технологиясына басымдық беріліп отыр.
“Мұнаймаш” АҚ-ы биылғы жылы сомасы 1,5 млрд. теңгенің “Мұнай өнеркәсібі бұйымдарын механикалық өңдеу өндірісін жаңғырту” жобасын іске асыруды аяқтайды. Кәсіпорын “Қазақстан Даму Банкі-Лизинг” АҚ-ның ықпал етуімен “Өнімділік – 2020” бағдарламасына қатысады. Өндіріске жоғары техно-логиялық заманауи жабдықтардың 12 бірлігі қосылады – олар Жапонияда шығарылатын өңдеу орталықтары. Жобаны іске асыру моральдық және табиғи ескірген металл өңдеу жабдықтарын жаңартуға, еңбек өнімділігін арттыруға, электр энергиясы шығынын үнемдеуге мүмкіндік береді. Кәсіпорындар іске асыратын өндірісті жаңғырту жөніндегі инвестициялық жобалар технологиялық үдерістердің энергия сыйымдылығын азайтуға жағдай жасайды.
“ПАМЖЗ” АҚ-ы техникалық қайта жарақтандырудың бірінші кезеңінің тұжырымдамасын жүзеге асырды, соған сәйкес заманауи жоғары өнімді жабдықтар сатып алды. Келешекте “Арнайы және азаматтық мақсаттағы жоғары технологиялық өнімдерді шығару жөніндегі инжиниринг орталығын құру” және энергетикалық, металургиялық және мұнайгаз өңдеу кәсіпорындарының қажеті үшін жабдықтар дайындау өндірісін құру жоспарланып отыр. Энергия үнемдеу жөніндегі іс-шаралар шеңберінде ауқымды энергия жабдықтарының жұмысы энергия үнемдеудің тарифтiк аймақтарын ескере отырып, электр қуатын есептеу заманауи электронды жабдықтарды пайдалану арқылы жүргізіледі.
“ЗИКСТО” АҚ-ы үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы шеңберінде жүк вагондарының 4 үлгісінің өндірісін игерді, олардың құрылымында заманауи аспаптар мен материалдар қолдануға қатысты осызаманғы жүк вагондарына қойылатын талаптар ескерілді. Дәнекерлеуші 39 жартылай автомат, дәнекерлеуші тракторлар, жылжымалы бұрғылау қондырғылары, таспа станогы, қаңылтыр материалды плазмамен пішу қондырғысы сияқты жоғары өнімді жабдықтар іске қосылды. Кәсіпорын бөлімшелерінде технологиялық жабдықтардың жай-күйін бақылау жүзеге асырылады, 2011 жылғы энергетикалық ресурстарды тұтынуды талдаудың қорытындысы бойынша (электр, жылу, су ресурстарын жұмсау) әр бөлімшеде энергетикалық ресурстарды үнемдеу жөніндегі іс-шаралар жасалды.
“С.М.Киров атындағы зауыт” АҚ-ы “Бизнестің жол картасы – 2020” мен “Даму – Өндiрiс” мемлекеттік бағдарламаларына қатысушы болып табылады, олардың шеңберінде 27 жабдық сатып алынды. Кәсіпорынның технологиялық мүмкіндіктерінің кеңеюі, бұйым түріне байланысты қазақстандық қамту үлесінің 3-5%-ға ұлғаюы, еңбек өнімділігінің артуы осыларды өндіріске енгізудің нәтижесі болып табылады. 2012 жылы зауыттың жарықтандырылуын ұтымды пайдалану, трансформаторларының жүктеусіз жұмысын болдырмау есебінен төрт 10/0,4 кВа трансформатордың бос жүру ысырабын азайту, жылу көзінің температурасына байланысты зауытты дайындау жөніндегі жылыту жүйесін реттеу, аз энергиялық сыйымдықтағы жаңа компрессорларды пайдалану жөніндегі іс-шаралар жүргізілді, осылар бойынша үнемделген қаражат 6 млн. теңгені құрады.
“Поиск” венчурлық фирмасы” ЖШС-де жылу жүйесінің шығысын есептегіштермен жабдықтау, шығысты оңтайландыру мен ыстық судың температурасын реттеу есебінен тұтынуды кеміту, су шығынын есептегішті орнату, жарықтандыру, желдету, сумен жабдықтау жүйелерінің жұмысын ұйымдастыру және оңтайландыру тәртібін жетілдіру, шамдарды қолдануды қысқарту және оларды люминесценттілермен алмастыру, ескі нұсқадағы люминесцентті шамдарды жаңаларымен алмастыру, энергия үнемдеу мәселелері жөнінде қызметкерлермен түсінік беру жұмысын жүргізу жөніндегі іс-шаралар жүзеге асырылады.
Энергия үнемдеу бағдарламасы шеңберінде “Изолит” ЖШС-де “Слюдатаспа ЛСЭП-934Тпл” шығару жөніндегі конвейер энергия үнемдеу режімінде жұмыс істейді, бұл электр энергиясын айтарлықтай үнемдеуге мүмкіндік береді. Конвейер “Force” жүйесі бойынша жұмыс істейді. Электр торабындағы ток ағынын жақсарта отырып, тұтынуды азайтады, кедергіні кемітіп, зиянды гармоникалар санын азайтады және толқын ұзындығына ықпал етеді, реактивті қуат деңгейіне ықпал жасап, электр энергиясының ысырабын азайтады. Зауытта 2012-2015 жылдар аралығында “ФФГА қалыптау миканиті, ГИП-ЛСП-ПВ(в) композициялық слюда қыртысы конвейерлерін қайта құрылымдау жоспарланды. Жарықтандыру 45%-ға энергия үнемдеу режімінде жұмыс істейді.
Қазіргі энергия және энергия көздері құнының қымбаттауы жағдайында облыс өнеркәсібінің бәсекеге қабілеттілігін сақтау және энергия тиiмдiлiгiн арттыру үшін ресурс үнемдейтiн инвестициялық жобаларды іске асыруға және энергия үнемдейтiн технологияларды қолдану тәжірибесін кеңейтуге басымдық беру қажет.