Солтүстікқазақстандық пауэрлифтер Рустам Бақтияров Краснодар қаласында өткен шалқалай жатып зіл темір көтеруден Әлем кубогында әлемдік біріншіліктің абсолютті чемпионы болды, деп хабарлады ҚазАқпарат.
Облыстық туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасының хабарлауынша, бұл жарыстарға әлемнің 14 елі: Ресей, Қазақстан, АҚШ, ГФР, Литва, Молдова, Үндістан, Пәкістан, Алжир және тағы басқа мемлекеттерден 600 спортшы қатысты.
Рустам шыққан 67 килоға дейінгі салмақта “жабдықтаусыз” санатында 18 спортшы бақ сынады. Жерлесіміз 153,5 килоны көтеріп, бірінші орынға ие болды. Бұдан басқа ол Әлем кубогының абсолютті чемпионы атанды.
Абсолютті чемпион ретінде оған 6 мың көрерменді сыйдыратын жарыстың басты спорттық аренасы бойынша Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын ұстап айналып шығу құқығы берілді.